Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев кезекті жеке қабылдауды аудан әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Аудан әкімінің жеке қабылдауына алдын ала жазылған 11 тұрғынның өтініштері қаралды. Қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары және ауылдық округ әкімі қатысты.
Қабылдауға келген тұрғындар: тұрғын үй кезегі , қайтарымсыз грант, қаланың тазалығы, жер және жеке мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді.
Сондай-ақ аудан әкімі жеке қабылдауға келген ерекше қажеттілігі бар азаматты және ерекше қажеттілігі бар баланы тәрбилеп отырған ананы 1-қабатқа түсіп, арнайы қабылдады. Аталған азаматтар тұрғын үй мәселесі бойынша келгендерін баяндады.
Аудан басшысы Арман Абдуллаев қабылдауға келген әрбір тұрғынның жеке мәселелерін мұқият тыңдап, заңдылыққа сәйкес жауап беріп,алаңдатқан мәселелер бойынша тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеді, деп хабарлайды Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.