САУРАН: БАБАЙҚОРҒАНДАҒЫ БАЙЫПТЫ КЕЗДЕСУ

САУРАН: БАБАЙҚОРҒАНДАҒЫ БАЙЫПТЫ КЕЗДЕСУ

Аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаевтың кезекті халықпен есепті кездесуі Бабайқорған ауылдық округі тұрғындарымен өтті. Бірқатар өзекті мәселелер көтерілді. Шешілу жолдары да талқыланды. Мәселен, аудан әкімінің жыл басында тұрғындармен кездесуінде 33 мәселе көтерілген. Шешімі тапқаны басым.
-Сауран ауданы бойынша көшелерге тас төсеу жұмыстары үшін жергілікті бюджеттен - 88,0 млн.теңге бөлініп,оның ішінде Бабайқорған ауылдық округінің көшелеріне тас төсеу жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі таңда, Бабайқорған-Абай автожолына орташа жөндеу жұмыстарына сараптаманың оң қорытындысы алынып, қажетті қаржыны облыстық бюджеттен бөлдіруге өтінім жолданды. Жоба құны- 295,9 млн. теңге.
Абай елді мекеніннен 300 орындық мектептің құрылыс жүргізуге 2024 жылға сұраныс Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасына ұсынылды. Қазіргі таңда ЖСҚ әзірленуде. Аудан әкімі Ғалымжан Қарабайұлы осы сынды бірқатар атқарылып жатқан жұмыстарды тізбектеді.
Бабайғорғанда атқарылар тірлік көп. Мәселен, қазіргі таңда медициналық бекет салуға ұсыныс берілген аймақ Бабайқорған ауылдық округі, Үлгілі елдімекеніне тиесілі. Сондай ақ, «Сасықбұлақ» су қоймасынан шығатын 8,67 км тас арықты ағымдағы жөндеу жұмыстарына ЖСҚ әзірлеуге 11 млн 219 мың теңге қаражат бөлінген. Ағымдағы жылдың тамыз айында ЖСҚ аяқтау жоспарлануда. Мердігер: «МПК Проект» ЖШС-гі.
Сонымен қатар, Бабайқорған елді мекеніндегі спорт залдың құрылысы жүріп жатыр, биыл қазан айында ел игілігіне беріледі деп күтілуде. Жоба «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Құны 99 743 млн тенге. Аудан әкімі барлық ауылдарда кезең-кезеңімен балалар алаңшасы салынатынын жеткізді.
Бұл Бабайқорғанда жасалынып жатқан жұмыстардың бір парасы ғана. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес ауданды дамыту жұмыстары тоқтамайды.
-Бүгінгі кездесуге туған жеріне жанашыр азаматтар келіп отыр деп ойлаймын. Бұл мені қуантады. Себебі, сын айтылған жерде жұмыс жүріп жатыр деген сөз. Сіздердің әрбір көтерген мәселелеріңіз менің жіті назарымда. Талаптарыңыз орынды. Біз заң шеңберінде шешілетін мәселе болса қол қусырып қалмаймыз. Аса қажет деген мәселе алдымен шешіледі. Аудан өз алдына еншісін алған жас отбасы сияқты. Өзіміздің депутаттарымыз бар. Ендігі мәселе, біртіндеп шешіледі. Бабайқорғанның да түлейтін кезі алда,- деп кездесу жиынын түйіндеді аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев.
Расында, Бабайқорған дәуірлейді. Жасалынатын жұмыстардың жоспары ауқымды. Ендігі мәселе ауылдың ауызбіршілігі. Келісіп пішкен тон келте болмайды. Елдің жайын айтамын деп, ынтымақты бұзып алуға болмайды. Үлкен істер байыппен шешіледі. Әкімдік ашық. Мемлекет естуші. Тек заң аясында жұмыс жасайды. Ауыл тұрғындары аудан әкімінің төрт айта атқарған жұмыстарына оң бағасын берді. Ақсақалдар қадамына сәттілік тілеп бата қайырды. Өз кезегінде аудан әкімі тұрғындар тарапынан айтылған мәселелерді екшеп, тиісті сала мамандарына жүктеді. Орындалу мерзімі басшылық тарапынан қадағалауда болады. Бабайқорғандағы байыпты кездесу осылай қорытыланды, деп хабарлайды Сауран ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...