Аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев Жүйнек ауылдық округ тұрғындарымен кездесті. Ауыл округ құрамында үш елді мекен бар. Онда 12 мыңға жуық халық тұрады. Халқы бейнеткеш. Диқаншылықпен айналысады. Диханды алдымен ағын су мен жайылымды жер алаңдатады. Кездесуде көтерілген мәселе де осы. Мәселен Шекербұлақ елді мекенінде егістік егуге су жетіспейді деген тұрғынның сұрағына: -Қарнақ ауылдық округінде орналасқан «Ырмақ» су қоймасы «Тұран Су» мекемесінің теңгеріміне өткізілді. Алдағы уақытта су қоймаға ағын суды толық жинау мақсатында ағымдағы жөндеу жұмыстар жүргізіліп, егістік жерге ағын су толық жететін болады. Қазіргі таңда, Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан ЖСҚ әзірленуде. Мамандар жауабы осы.
Игерілмей бос жатқан жайылымдық жерлерді алып, халыққа пайдалануға беру бойынша жұмыс жүргізуді сұранды.
-ҚР заңнамасын бұза отырып, пайдаланылып жатқан және пайдаланылмай жатқан жерді анықтау мақсатында жұмысшы топ құрылды. Алдағы уақытта ауылдың жоғарғы жағындағы жайылым жерлерді бұзып түрлі ауыл шаруашылық дақылдарын егіп жатқан меншік иелері анықталып жатса шара көру үшін ҚР Жер кодексінің 148-бабына сәйкес Түркістан облысы жер ресурстарын басқару департаментіне жолданады. Демек жергілікті билік бос жатқан жерлерді мемлекетке қайтару бойынша қарқынды жұмыс жасап жатыр.
Ауыз су мәселесі Қызылжол елді мекенінен келетін жолда су жетпей қалады, су башнясын Жүйнек ауылына қойып беруді сұрады. Елді мекенінің ауыз су мәселесін толығымен шешу мақсатында, 50 м3 су мұнарасын орнатуға ақаулық актісі мен сметалық құжаттыры әзірленіп, тиісті басқармаға қаржыландыруға ұсынылды. Жалпы құны-52,6 млн. теңге.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдан бастап облыстық басқарманың пилоттық жобасына сәйкес, барлық ауыз су тарату мекемелері біріктірілетін болады. Сонымен қатар, Шекербұлақ елді мекенде су башнясы ауыстырылған болатын, алайда насосы қойылмай мұнара толығымен аяқталмай қалып, қайта қалпына келтіруді сұрады. Нәтижесінде, мұнараларды толық іске қосу мақсатында, кезекті сессияға өтінім беріліп. 19,0 млн.теңге қаржы бөлінді.
Аудан әкімі Ғалымжан Қарабайұлы ️2023 жылы 24 қаңтардағы есепті кездесуінде ауылдағы маңызды 18 мәселе көтерілген. Мәселе, аудан әкімінің жіті бақылауында. Бұл кездесуде көтерілген мәселе де басшылық тарапынан назарға алынды. Тиісті сала басшыларына тапсырмалар берілді.
Айта кетейік, өткен аптада Жүйнек ауылдық округінің әкімі жаңадан тағайындалған болатын. Жаңа әкімге артылар жауапкершілік үлкен. Алдымен ауылдың ішкі тұрақтылығын реттеп, жұмыстарды жүйелі ұйымдастыру қажет, деп хабарлайды Сауран ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.