САУРАН: ҚАРАШЫҚТЫҢ ҚАДАМЫ ҚАРЫШТЫ

САУРАН: ҚАРАШЫҚТЫҢ ҚАДАМЫ ҚАРЫШТЫ

Аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаевтың кезекті тұрғындарымен кездесуі Қарашық ауыл округінде жалғасты. Ауыл округінде 12 мыңнан аса тұрғын бар. Басым көпшілігі диқаншылықпен айналысады. Ауыз су. Ағын су. Табиғи газ. Жол. Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселе бұл. Жолдардың тозығы жеткен. Электр бағаналары ескірген. Жарықтың қуаты төмен. Диқандарға ағын су басты мәселе.
Аудан әкімі өз сөзін: - Жергілікті биліктің ең басты мақсаты – тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету. Мемлекет басшысы өз Жолдауында халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берді. Облыс әкімі ауданымызға жасаған сапарында ауданды әрі қарай дамытуды тапсырды. Сіздермен 2023 жылы 24 қаңтарда есепті кездесу өткен болатын, сол кезде ауылдың маңызды 13 мәселе көтерілді, - деп бастады.
Ең көп сұранғаны табиғи газ. Ол үшін ЖСҚ дайындалып, мемлекеттік сараптамаға жіберілген. Қорытындының да шығатын ауылы емес емес. Демек, ауылды көгілдір отынмен қамту үшін жұмыстар жасалынып жатыр. Жолдар түзеледі. Электр бағаналары жаңарады. Ауыл ауыз сумен қамтылады. Көшелер жарықтанады. Жайылым жерлерді ортақ жайылымға қайтару жұмыстары қарқынды. Аудан әкімі алдағы атқарылатын жұмыстарды осылай баяндады.
Қарашықта тұрғындардың бірлігі мығым. Кәсіпкерлер тарапынан едәуір тірлік атқарылып жатыр. Қалталысы туған жерге туын тігуге асығады. Туған елге деген сүйіспеншілік бұл. Барлық даулы мәселелерді ынтымақтастықпен, тыныштықпен шешуге болады. Бұл ауыл ақсақалдарының сөзі. Бәтуә барда, тындырымды тірлік бар. Тұрғындардың қағидасы осы.
Кездесуден кейін тұрғындар аудан әкімінің төрт айда жасаған жұмыстарына оң бағасын берді. Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерді дер кезінде шешу сала басшыларына тапсырылды. Түйткілді мәселенің орындалуын бақылауды аудан әкімі өз міндетіне алды, деп хабарлайды Сауран ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...