ТҮЛКІБАС: АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ҚАБЫЛДАДЫ

ТҮЛКІБАС: АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ҚАБЫЛДАДЫ

Аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов өтінішпен келген тұрғындарды жеке қабылдады, деп хабарлайды Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.
Көтерілген мәселелердің дені ауыз су, ауыл-аймақтағы қоқыс тазалығы, әлеуметтік дүкендер желісінің көбеюі, орталық базардағы реттілікті басты назарға ұстау сынды мәселелер төңірегінде болды. Сонымен қатар «Соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері аудан әкіміне ұйымға арнайы ғимараттың қажет екендігін және оның салынуына қол ұшын беруін өтінді.
Аудандық орталық аурухананың жолын жөндеу, ондағы көліктер реттілігіне назар салу, ИнтерГаз ұйымының жұмысын қадағалау, балалар ойын алаңшаларын салу, қоқыс тарифінің қымбаттауы мен әлеуметтік нан дүкендерінің санын арттыру тақырыптарын көтерген азаматқа аудан басшысы жеке-жеке тоқталып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар тұрғын үй салуға көмек беру, ауыз су мәселелері бойынша да жеке қабылдауға жазылған азаматтар көтерді. Барлық өтініштер Заң талаптарына сәйкес атқарылатынын және қаржы қажет етпейтін мәселелер тез арада жауапты мамандардың көмегімен іске асатын болады деді аудан басшысы.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада осы күндері ТМД елдері мен жақын шет мемлекеттерден жетекші медициналық сарапшылар, танымал клиницистер, зерттеушілер мен профессорлар...

Қасым-Жомарт Тоқаев Қуаныш Сұлтановты сексен жасқа толған мерейтойымен құттықтап, қайраткердің елімізді дамытуға қосқан үлесін ерекше атап өтті, деп...