САРЫАҒАШ: КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

САРЫАҒАШ: КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Аудан әкімінің жеке қабылдауына алдын ала жазылған 46 тұрғынның өтініштері қаралды. Қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Қабылдауға келген тұрғындар: дәрігерлік көмек, жеке меншік мектеп салу, асфальт төсеу, тұрғын үй кезегі, жер және жеке мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді.
Сондай-ақ аудан әкімі жеке қабылдауға келген ерекше қажеттілігі бар азаматты және ерекше қажеттілігі бар баланы тәрбилеп отырған ананы 1-қабатқа түсіп, арнайы қабылдады. Аталған азаматтар тұрғын үй мәселесі бойынша келгендерін баяндады.
Аудан басшысы Арман Абдуллаев қабылдауға келген әрбір тұрғынның жеке мәселелерін мұқият тыңдап, заңдылыққа сәйкес жауап беріп, алаңдатқан мәселелер бойынша тиісті бөлім басшыларына және қала мен ауылдық округ әкімдеріне тапсырмалар жүктеді, деп хабарлайды Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...