ТҮЛКІБАС: ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ

ТҮЛКІБАС: ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ

Аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов аудан тұрғындарына кезекті жеке қабылдауын өткізді.
Қабылдауға аудан прокуроры Н.Асқанбеков, аудандық полиция бөлімінің бастығы А.Серікбаев, аудан әкімінің жауапты орынбасарлары, ауыл әкімдері мен тиісті дербес бөлім мамандары қатысты.
Қабылдау барысында жер құжаттарын заңдастыру мәселесімен жүгінген тұрғындарға құқықтық әдістемелік көмек көрсетіліп, әр мәселе егжей-текжейлі талқыланды. Өтініш иелеріне Заң талаптарына сай жүгінген мәселесі сот шешімімен шешілетіндігі түсіндірілді.
Ал, жеке тұрғын үй көтеруге көмек сұрап келген азаматтың өтінішіне аудан басшысы демеушілер есебінен көмек берілетіндігін жеткізіп. Бүгінде демеушілер қарастырылып жатырғандығын атап өтті, деп хабарлайды Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...