ТҮЛКІБАС: ТҰРҒЫНДАР ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН АУДАН ӘКІМІНЕ ЖҮГІНДІ

ТҮЛКІБАС: ТҰРҒЫНДАР ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН АУДАН ӘКІМІНЕ ЖҮГІНДІ

Бүгін аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов аудан тұрғындарына кезекті жеке қабылдауын өткізді. Алдын ала жазылған тұрғындар аудан басшысына көп қабатты тұрғын үйдің алдын абаттандыру, ағын су, жолаушылар тасымалы, мал өткелі ретке келтіру, инфрақұрылым тарту, білім және денсаулық сақтау саласы мен мемлекеттік АРТ спортына қатысты мәслелерімен жүгінді.
Нұржан Жақсылықұлы тиісті орынбасары және мекеме басшыларымен бірге әр мәселені жеке-жеке талдап, өтініш иесіне бекітілген заңнама аясында түсінік берді.
Мәселелерді шешу үшін орынбасарларына, ауылдық округ әкімдеріне және тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Кейбір мәселелер бойынша жауапты бөлім басшысына тұрғындармен бірге аралап, шешу мақсатында толық зерделеу жұмыстарын жүргізіп, нақты ұсыныс дайындауды тапсырды.
Сонымен қатар, қабылдауды пайдаланып аудан әкімі көп қабатты тұрғын үй тұрғындарына тазалықты сақтау мақсатында көршілері арасында насихат жұмыстарын жүргізуге ат салысуға шақырып, осы бағыттағы шараларға қолдау көрсетулерін сұранды, деп хабарлайды Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...