ТҮРКІСТАН: ЯССЫЛЫҚТАРДЫ ТОЛҒАНДЫРҒАН МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ЯССЫЛЫҚТАРДЫ ТОЛҒАНДЫРҒАН МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ

Бүгін қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков сектор тұрғындарымен ашық алаңда кезекті кездесуін өткізді.
Шаһар басшысы Яссы секторы тұрғындарының өтініштерін тыңдап, сауалдарына жауап берді.
Тұрғындардың сауалдарының көпшілігі кәріз жүйесі жайында болды.
«Яссы» мөлтек ауданында бүгінде 180 шақырым кәріз жүйесінің құрылысы жүргізілуде. Қазіргі таңда, 86% жұмысы аяқталған.
Сектордағы жобадан тыс қалған жеке тұрғын үйлерді табиғи газбен қамтамасыз ету құрылыс жобасының 75% жұмысы атқарылған.
Жол саласы бойынша да бірқатар жұмыстар жүзеге асқан. Атап айтқанда, 21 шақырым құрайтын 23 көшеге тас, 5 (6,3 шқ) көшеге асфальт төселді. Одан бөлек, 64 көшеге жарықшамдар орнатылып, 4,4 шақырымды 5 көшеге жаяу жүргінші жолы салынды.
Сондай-ақ, №6, 10 бағыттағы автобустар жаңартылып, №17, №20 жаңа бағыттары іске қосылды. Жыл соңына дейін, тағы жаңа №16 бағыт іске қосылмақ.
Басқосу соңында тұрғындар өтініштері бойынша орталық басшысы тиісті мамандарға бірқатар тапсырма жүктеді. Тапсырмалар орындалу кестесіне қойылып, жүзеге асатыны жеткізілді.
Жалпы, қала әкімінің Яссы секторындағы соңғы кездесуінде 84 мәселе көтеріліп, оның 65-і орындалды. Қалған өтініштер орындалу үстінде, деп хабарлайды Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын нақты қорғау атқарушылық құжаттардың толық және уақытылы орындалуымен жүзеге асырылады. Ағымдағы жылы сот...

Әділет министрлігі Халықаралық төреліктер мен шетелдік соттарда мемлекеттің мүдделері мен мүліктік құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді. Өз...