Нұр-Сұлтанда тағы екі көпір салынады

Нұр-Сұлтанда тағы екі көпір салынады

Елорда әкімі Алтай Көлгінов қала көшелерін аралау барысында бірқатар проблеманы шешудің тиімді жолдарын қарастырғанын өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Жаңа жолдар мен көпірлер тіршілігі қайнаған көшелердің жүгін азайтып, жақын маңдағы аудандар мен жалпы қала тұрғындарына қолай тудыратыны сөзсіз. Аралау кезінде Nova City маңындағы №27 көшені № 39 көшемен (Тәуелсіздік) жалғайтын көше құрылысымен таныстым», - деді А. Көлгінов.

Әкімнің сөзінше, жоғарыда аталған көшенің өзі ғана келесідей жүйелі мәселелерді шешеді: Жолды әуежай бағытына жалғап, Тельман тұрғын алабымен қосады. Осы алап тұрғындарының қалаға қатынайтын жолы мейлінше қысқарады; Мәңгілік Ел мен Ұлы Дала даңғылдарының жүгін азайтады.

«Осы жаңа көшеден Есіл өзені мен Нұра-Есіл каналы үстінен екі көпір болады. Олар өзеннің қос жағалауын байланыстырады; биыл барлығы 150 көшені жөндеуден өткіземіз және жаңадан саламыз», - деді шаһар басшысы.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында Президенттің энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті ақын, сазгер, Қазақстанның халық жазушысы, «Парасат» орденінің иегері Исраил Сапарбайдың дүниеден өтуіне...

Премьер-министр Олжас Бектенов «Металлург күні» кәсіби мерекесіне орай тау-кен металлургия саласының еңбеккерлеріне Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мемлекеттік...