Армения ер адамдардың елден кетуіне тыйым салды

Армения ер адамдардың елден кетуіне тыйым салды

Арменияда 18-55 жас аралығындағы ер адамдар аумақтық әскери комиссариаттардың жазбаша рұқсатымен ғана елден кете алады. Бұл туралы Sputnik Армения   хабарлады.

«Армения үкіметінің 2020 жылғы 27 қыркүйекте қабылдаған 1585Н шешіміне сәйкес, 55 жасқа дейінгі адамдарды шақыру жарияланғанын хабарлаймыз. 18-55 жас аралығындағы ер адамдарға аумақтық әскери комиссариаттардың жазбаша рұқсатымен ғана елден шығуға рұқсат етіледі», - деп хабарлады Азаматтық авиация комитеті.

Естеріңізге сала кетейік, 27 қыркүйекте Қарабақтағы елдімекендер, сондай-ақ әскери бөлімдер Әзірбайжан тарапынан қарқынды артиллериялық атысқа ұшырады. Содан кейін жаудың мотоатқыштар мен танк бөлімшелері солтүстік, оңтүстік және оңтүстік-шығыс бағыттарға шабуыл жасады.

Қазіргі уақытта шайқастар жалғасуда, қорғаныс армиясы жаудың шабуылдарын анықтап отыр. Таулы Қарабақ қорғаныс армиясының соңғы мәліметтері бойынша, соғыс басталғалы бері 58 әскери қызметші мен екі бейбіт тұрғын қаза тауып, жүздеген адам жарақат алды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкімет Мемлекет басшысының биылғы наурыз айында Ұлттық құрылтайдың IV отырысында берген тапсырмасы аясында ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге...

Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесінің берілуімен бірге, қаланың бас жоспары қайта жаңартылып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы...