АҚЫНДАР ЕРЛІК ПЕН ЕЛДІКТІ ЖЫРҒА ҚОСТЫ

АҚЫНДАР ЕРЛІК ПЕН ЕЛДІКТІ ЖЫРҒА ҚОСТЫ

7 мамыр - Отан қорғаушылар мерекесіне орай Қаратау ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Отан қорғау-парызымыз» атты жас ақындардың айтысы өтті. Өлең сөздің жарысына жалынды жырларымен келген 10 жас ақын елдік пен ерлік, бірлік пен ұлттық құндылықтарды тақырыпқа арқау етті.
Патриоттық пен отансүйгіштікке шақырған шайырлар айтысты тамашалауға келген көпшіліктің рухын асқақтатып, мерекелік көңіл күй сыйлады. Жыр шашуы жас ақындардың патриоттық тақырыптағы мүшайрасымен жалғасты.
Барлық қатысушалар мен жеңімпаздар алғыс хаттармен, сыйлықтармен және арнайы жүлделермен марапатталды.
Өскелең ұрпақты отансүйгішттік пен елжандылыққа тәрбиелейтін іс-шараға 30 үміткер қатысып, көрермендерге әндер шеруін ұсынды. Сарапшылар үміткерлердің тек ән орындау шеберлігіне ғана емес киім кию үлгісі мен сахнада өз-өзін ұстауына да баға берді. Үміткерлердің арасынан оза шыққан өнерпаздар арнайы дипломдармен марапатталды.
Сонымен қатар мереке қарсаңында мәслихат шешіміне сай тыл ардагерлеріне 12 АЕК немесе 41 400 теңгеден төленеді. Қалада бүгінде 3 ҰОС ардагері және 2183 тыл ардагері, 87 279 зейнеткер тұрады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының 2019 жылы өткізген «World Population Prospects» мәліметтеріне сәйкес, 2019 жылы 11 адамның 1-і 65 жастан асқан адам болса, 2050 жылға қарай әлемдегі 6 адамның 1-і осы жас мөлшерінен асады екен. Әлемнің әр түкпіріндегі қоғамдар осы ұзақ өмір сүрудің эволюциясынан өтіп жатыр. Кейбіреуі оның алғашқы сатысында болса, екіншісі әлдеқайда асып кеткен. Батыс зерттеушілерінің айтуы бойынша, олардың барлығы осы деңгейге жетеді.
Бұл күн – елдің қауіпсіздігі мен оны қорғауды, сондай-ақ тәуелсіздікке қауіп төнген сәтте кез келген сыртқы агрессиядан қорғап, бейбіт өмірді қамтамасыз ете алатын барлық әскери қызметшілер мен тыл қызметкерлеріне арналған. Осыған орай, ел тұрғындары барлық ер-азаматтарды осы атаулы күнмен құттықтайды.
Қаламыздағы бірқатар білім, мәдени ошақтарда ерлік пен батырлық дәріптелген салтанатты жиындар жалғасуда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ