Шымкент қаласы Тұран ауданының аумағында орналасқан 6 нысанға газ құбырларын жүргізу жұмыстары межеге сай жүргізілуде. Олар Тассай, Тұран 3-ші кезек, Асар-2, Сауле шағын ауданы, Солтүстік саяжай, Бозарық аталатын нысандар.
Сонымен Тұран шағын ауданын газбен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының 3-кезегі биыл аяқталатын болады. Мердігер мекеме 2022 жылдың мамыр айында ішкі орамдық жүйелердегі нысан құрылыстарын бастап, қазіргі күнге дейін жұмыстың 95 пайызын орындаған.
Жоба бойынша Тұран шағынауданында 2 554 тұрғын үй 2023 жылдың маусым айында табиғи газға қосылу мүмкіндігіне ие.
Нәтижесінде биыл Тұран ауданының табиғи газбен қамтылу көрсеткішін 94%-дан 96%-ға жеткізу күтілуде.
Әл-Фараби ауданында табиғи газ жүйесімен қамту көрсеткіші жүйеде 99% құрайды. 2022 жылы «Ақтас-2» елді-мекенінде мердігер мекеме «Ремстрой» ЖШС тарапынан табиғи газ желісінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, абоненттерге қосылу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Мердігер мекеме 195-орамынында «Ремстрой» ЖШС тарапынан табиғи газ желісінің құрылыс жұмыстары жүргізілді.
276-орамынында мердігер мекеме «Ремстрой» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аталған құрылыс жұмыстарын 2023 жылдың І-жартыжылдығында аяқталу жоспарлануда.
Сонымен қатар, қала әкімі Мұрат Әйтенов Тассай шағын ауданын инженерлік инфрақұрылым жүйелермен қамтамасыз ету жұмыстарын тексерген болатын. Қазір елдімекенге табиғи газ, кәріз жүйелері жүргізілуде. Бүгінге дейін газдандыру құрылысы 70 пайызға, кәріз жүйелерін жүргізу 87 пайызға аяқталған.
Мегаполистің даму жоспарына сәйкес былтыр елдімекендерді газдандыру мақсатында 18 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде қаладағы 81 елдімекеннің 31-і жартылай газбен қамтылған. Сондай-ақ 2 магистралды желі мен 8 елді мекенде құрылыс жұмыстары аяқталып, 28 мыңнан астам адамға табиғи газ көзіне қосылуға мүмкіндік берілді. Жоспарға сәйкес 8 нысанның құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады. Қаланың даму жоспарына сәйкес, 2025 жылы елді мекендер 100 пайыз газдандырылады.