ЫНТЫМАҚ ЕЛДІМЕКЕНІНІҢ КӨШЕЛЕРІН АСФАЛЬТТАУ БИЫЛ 79 ПАЙЫЗҒА ЖЕТКІЗІЛЕДІ

ЫНТЫМАҚ ЕЛДІМЕКЕНІНІҢ КӨШЕЛЕРІН АСФАЛЬТТАУ БИЫЛ 79 ПАЙЫЗҒА ЖЕТКІЗІЛЕДІ

Шымкент қалалық Абай ауданына қарасты Ынтымақ шағын ауданында бүгінде 9 мыңнан аса халық тұрады. Шағын аудан аумағында 2 600 жеке секторлы үй, 1 мектеп, 4 балабақша және 1 спорт алаңшасы орналасқан.
Ынтымақтағы 67 көшенің қазір 39-ы асфальтталған, 24-і тас жол болса, төртеуі топырақ жол. Айта кетейік, 2025 жылға қарай шағын аудандағы асфальт төселген көшелер санын 100 пайызға жеткізу көзделуде. Мәселен, өткен 2022 жылы Сызған, Аққамшы, Ақдидар, Мұхит, атауы жоқ 1,2,3 көшелері, яғни жеті көше жөнделген. Биыл Ақжұлдыз, Жібек жолы, Бозжусан, Жаңақұрылыс көшелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілсе, көрсеткіш 79 пайызды қамтиды.
Ал 2024 жылы 10 көше, атап айтқанда Қорғанкөл, Белсаз, Берен, Шауғар, Көкжал, Шұбартау, Қыз Жібек, Шохбутова, Тайбурыл, Темірші көшелері асфальтталады деп күтілуде. 2025 жылы 6 көше - Қозыкөрпеш көшесінің біріншіден алтыншы өткеліне дейінгі аймақтары жөнделсе, асфальтталу жұмыстары 100 пайызға қамтылған болып саналады.
Сонымен қатар биылғы жылы Кәдесый, Шерғала, Қорғанкөл, Ұшан, Жаңатілек көшелерімен бірге №54 мектепке баратын жол жарықтандырылады. Келесі жылдан бастап «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес аталған шағын аудан талшықты интернет оптикамен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, шағын ауданда №55, 12, 138, 55 А бағыттағы қоғамдық көліктер қатынайды.
Жалпы Ынтымақ елдімекені 100 пайыз ауыз су, электр жарығы, табиғи газбен қамтылған.
Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес мегаполистің ішкі орам көшелерін жөндеуден өткізуге басымдық берілген. Осыған орай, шағын аудандар мен тұрғын алаптар инфрақұрылыммен қамтылып, өз кезегінде жұмыстар жүйелі атқарылуда.
Бүгінгі күні Асар-2 шағын ауданы аумағындағы Күншоғыр көшелері орташа жөндеуден өтуде. Аталған шағын ауданның 4 көшесіне 2 қабат асфальт төселеді. Көшелердің жалпы ұзындығы - 1,2 шақырымды, ені 5 метрді қамтыса, жаяу жүргіншілерге арналған жолдың ені – 1,5 метрге жеткізілді.
Айта кетейік, Шымкент қаласы бойынша 2023 жылы орташа жөндеу жұмыстары 236,3 шақырымды құрайтын 297 көшеге жүргізілу жоспарлануда. Сондай-ақ, жолдардың жақсы және қанағаттанарлық деңгейі 2022 жылы 67,4% пайызды құрады. Ал 2023 жылы 71,2% пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ