ҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫНДА ЕЛІМІЗДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ МЕН ӨРТКЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

ҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫНДА ЕЛІМІЗДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ МЕН ӨРТКЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің биылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы, республикалық бюджеттің атқарылу және өрт қаупі бар кезеңге дайындық шаралары қаралды.
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров қаңтар-сәуір айларында ел экономикасының 5%-ға өскенін баяндады. Барлық негізгі салаларда оң динамика байқалған.
Үкімет басшысы министрлер мен түрлі деңгейдегі әкімдерге экономиканы одан әрі әртараптандыруда және тұрақты жұмыс орындарын құруда кешенді шараларды жалғастыруды тапсырды.
Премьер-Министрдің айтуынша, Қазгидрометтің болжамы бойынша жаз мезгілі жылдағыдан ыстық әрі құрғақ болады деп күтілуде. Әсіресе, еліміздің батысы мен шығысында және оңтүстігінде өрт қаупі күшеюі мүмкін. Бүгінгі отырыста өрт қауіпсіздігін алдын алу шаралары да пысықталды.
Қазір өңірлер осы бағыттағы жұмыстарға қызу кіріскен. Шымкентте де тілсіз жауды алдын алу шаралары жоспар аясында жүргізілуде. Әлихан Смайылов табиғи өрттерді ерте анықтау жүйелерін белсенді түрде енгізу қажеттігіне тоқталып, дайындық жұмыстарын сапалы ұйымдастыруда бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Инвестициялардың экономиканы тұрақты дамытуда маңызы айрықша. Мемлекеттік қолдаулар нәтижесінде мегаполисте инвестклимат жақсарып келеді. Бұл бағыттағы кешенді шаралар өз жемісін беруде. Биылғы алғашқы тоқсанда қалаға 84,8 млрд. теңге инвестиция тартылды. Былтырғы жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда 109,6% құрап отыр.
Жалпы, жыл соңына дейін 721,7 млрд.теңге инвестиция тарту жоспарлануда. Осылайша көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 32%-ға артады деп күтілуде. Діттелген межеге қол жеткізу үшін түрлі бағытта жұмыстар жүргізілуде.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ