ТҰРАН АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫ БИЫЛ 100 ПАЙЫЗ САПАЛЫ АУЫЗСУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

ТҰРАН АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫ БИЫЛ 100 ПАЙЫЗ САПАЛЫ АУЫЗСУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтеновтің Тұран ауданы тұрғындарымен есептік кездесуі өтіп, жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен алдағы жоспардың орындалу барысы баяндалды.
Қазір аудан аумағындағы 20 елдімекеннің тұрғындары тұрақты түрде сапалы ауыз су тұтынуда. Биыл Құрсай шағынауданын тіршілік нәрімен қамту жұмыстары аяқталады. Осыған дейін су жүйелерінің 92 %-ы, яғни 151 шақырымы тартылған. Жоспар бойынша ауданның ауызсумен қамту көрсеткіші жыл соңына дейін 100 пайызды қамтитын болады.
Ал, сапалы электр қуатымен елдімекендердің 99,5 пайызы қамтамасыз етілген. Бүгінде Құрсай шағынауданының жаңақұрылыс аумағын сапалы жарықпен қамту мақсатында жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылыс келесі жылға өтпелі.
Былтырғы жылы Ақтас, Ақтас-2 және Ақжар, Арғымақ елдімекендерін газдандыру құрылысы аяқталған. Қазіргі уақытта «ҚазТрансГаз» тарапынан құбырларға сынама жұмыстары жүргізілуде. Табиғи газ аталған шағынаудандарға жылу маусымына дейін берілетін болады. Ал, Айкөл, Құрсай, Жаңаталап шағынаудандарының жаңақұрылыс аумағын газдандыру үшін бүгінде жобалау сметалық құжаттамасы әзірленуде. Аудан 2025 жылы көгілдір газбен толық қамтылатын болады.
Мұрат Дүйсенбекұлы халық тарапынан түскен барлық сұрақтарға жауап беріп, жаңа ауданның инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жоспарларды түсіндірді. Сондай-ақ аудан әкіміне басқарма басшыларымен тығыз жұмыс жүргізіп, азаматтардың талап-тілектеріне қатысты шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.
Сонымен қатар, бүгінде Еңбекші аудан аумағына жаңадан қосылған Қарабастау, Жұлдыз, Қаратөбе, Тоғыс, Жыланбұзған, Айнатас елдімекендеріне су құбырлары тартылуда. Сонымен қатар мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы «Исфиджаб» тұрғын алабын ауызсумен қамтитын компания анықталуда.
Қазіргі таңда қаладағы 81 елдімекеннің 78-іне ауыз су үздіксіз берілуде. Бүгінде Құрсай 1,2-кезек, Қайнарбұлақ, Сайрам 1,2 және 3-кезек, Еңбекші жаңа құрылыс аудандарына су құбырлары жүргізілуде. Жыл соңына дейін 6 нысан пайдалануға беріліп, нәтижесінде 72 мыңға жуық отбасы сапалы ауыз суға қол жетізеді. Қала халқын тіршілік нәрімен қамту көрсеткіші биыл 98,5% - дан 100% - ға дейін артады.
Алдағы уақытта ауызсу құбырын тарту жұмыстары Қаратөбе, Қарабастау, Абдулабад, Тоғыс, Жұлдыз, Бадам-1, Жыланбұзған, Айнатас, Базарқақпа тұрғын үй алаптарында жүргізілетін болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ