Бүгін қала әкімінің Тұран ауданы халқымен есептік кездесуінде жарықтандыру мәселесі қозғалды. Биыл Тұран ауданы аумағындағы 22 көше жарықтандырылады деп жоспарланған. Қазіргі Құрсай елді мекеніндегі Аққыстау көшесін жарықтандыру жұмысы басталып, нысан маусым айында толық іске қосылатын болады.
Сонымен қатар, жыл соңынай дейін жарықтандырылатын көшелер тізімі төмендегілер:
1. Жанаталап ш/а Әбдраймов көшесі;
2. Ақтас тұрғын алабының орталық көшесі;
3. 112 ш/а Народовольцев көшесі;
4. Отырар ш/а Ішкі орам көшесі;
5. Кіші Самал ш/а Ескендіров көшесі;
6. Кіші Самал ш/а Әбсеитов көшесі;
7. Чехов көшесі;
8. Қазығурт ш/а Аққыстау көшесі;
9. 4 ш/а Балапан Ата көшесі;
10. Спорт ш/а Ішкі орам көшесі;
11. Самал-1 ш/а Әбдраимұлы көшесі;
12. Қойбағаров көшесі;
13. Металист көшесі;
14. Қазығұрт ш/а Бөгенбай батыр көшесі;
15. Қазығұрт ш/а Мүсірепов көшесі;
16. Қазығұрт ш/а Бақытты көшесі;
17. Қазығұрт ш/а Қызылқұм көшесі;
18. Ақтас елді мекеніндегі атауы жоқ көше;
19. Жаңаталап е/м Айдарқұлов көшесі;
20. Құрсай е/м Таңатар көшесі;
21. Құрсай е/м Аққыстау көшесі;
22. Құрсай е/м Қармақшы көшесі.
Айта кетейік, 2018 жылы қабылданған «Жасыл қала» бағдарламасында көгалдандыру, ауыл шаруашылығы белдеуін дамыту, әлемдік мегаполистер тәжірибесімен бау-саябақ мәдениетін құру мақсатындағы кешенді жоспарлар қарастырылған.
«Абаттандыру, көріктендіру жұмыстарына жұмылдырылған мердігерлер қала аумағындағы әрбір нысанға арнайы паспорт пен дизайн код жасайды. Ең алдымен ұңғымаларды қайта қалпына келтіреді.
Қазір мекемелер қалада жасыл желекті көбейту мақсатында түрлі ұсыныстар беруде. Мердігерлермен жасалатын келісім шарт мерзімінің 5 жылға ұзартылғаны да олардың жауапкершілігін артырып, жұмыс сапасын жақсартады» - деді қала әкімі.
Сондай-ақ Мұрат Дүйсенбекұлы жайлы ортаны дамыту басқармасының қала аумағындағы көшелер тазалығын жақсартуда жоспарларымен танысты. Бұл жұмыстар 5 бағытта жүргізілетін болады.