Қазақстан Республикасының 6-шы бокстан жазғы спартакиадасы 15-21 мамыр аралығында Петропавл қаласында өтті. Шымкент құрама командасы 2 алтын,4 күміс иеленіп, жалпы командалық есеппен 3- орын алды.
54кг Жайна Шекербекова;
70кг Мадина Нуршаева;
52кг Жансая Рахымберді;
63кг Лаура Есенкелді;
81кг Салтанат Естаева;
81+кг Дина Исламбекова.
Еске салар болсақ, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, бокстан КСРО спорт шебері Амалбек Тшановтың 80 жылдық мерейтойына арналған бокстан VII халықаралық турнирі өткен олатын. Жастар арасындағы бәсекеде Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолиядан және еліміздің өзге де аймақтарынан, жалпы 130-дан аса жас спортшы бақ сынасты.
Сондай-ақ, биыл Қаратау ауданы аумағында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында жеті ашық спорт алаңшасын орнату жоспарлануда. Жыл соңына дейін тұрғындардың талабы ескеріліп, Тұранда - 2, Нұртаста - 2, Таскен тұрғын алабында -2, Өтеміс тұрғын алабында – 2 және Шапырашты тұрғын алабында - 1 спорт алаңы бой көтереді. Жобада жаттығуға арналған Workout элементтерімен бірге, демалушыларға арналған орындар қарастырылған. Заманауи талапқа сай бой көтеретін алаңшалар бұқаралық спортты дамытуға, тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануына мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, 17 мамыр күні қала әкімі Мұрат Әйтенов Бокстан Әлем чемпионатының жеңімпазы Махмұд Сабырхан мен жеке жаттықтырушысы Илияс Оралбековты қабылдаған болатын.
Дүбірлі додада еліміздің құрамасы 4 алтын, 1 күміс медальмен толықты. Бұл жеңісте 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен шымкенттік сайыпқыранның үлесі зор. Спортшы ақтық бәсекеде өзбекстандық Айбек Джураевты екі мәрте нокдаунға жіберіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Жерлесіміз осыған дейін Куба, Гана, Үндістан мен Мажарстан спортшыларын жеңген болатын.
Мұрат Дүйсенбекұлы құрама қоржынына екінші алтынды салған спортшы мен оның жеке жаттықтырушысын құттықтап, алдағы Азия және Олимпиада ойындарына сәттілік тіледі.
Әлемдік аренада еліміздің абыройын асқақтатып, туымызды желбіреткен спортшыға 2 бөлмелі пәтер ал жеке жаттықтырушысына 5 млн тг ақшалай сыйлық табыстады.
Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылардың үлесін арттыру аясында спорттық тапсырысты жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасын жүзеге асыруда Шымкент қаласы бойынша көрсеткіштері алдыңғы қатарда. Бағдарламаны іске асыруға жергілікті бюджеттен 2 323 млн. теңге қаржы бағытталды. Аталған бағдарлама бойынша қазіргі таңда 113 кәсіпкер жұмыс істейді.