ШЫМКЕНТТЕ МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

Бар жақсылық балаларға! Еліміздің бүгіні мен ертеңі – жас ұрпақ үшін қаншама игіліктер жасалса да көптік етпесі анық. Жаз мезгілінің шуақты мерекесі - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай бүгін қаламыздағы “Денсаулық” спорт кешенінде жүзу маусымы мен жүзуден жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир басталды. Қала әкімі Мұрат Әйтенов балғындардың қуанышына ортақтасып, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараның ашылу салтанатына қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.
Екі күнге жалғасатын жарысқа еліміздің әр өңірінен келген 400–ге жуық спортшыдан құралған 23 команда қатысуда. Республикалық дода жас спортшылардың шеберлігін шыңдап, тәжірибесін арттырады.
Бүгінде қалада 1000-нан аса спортшы кәсіби түрде жүзу спортымен шұғылданады. Күрделі жөндеуден өтіп, заманауи талапқа сай жабдықталған жүзу бассейні мегаполисте бұқаралық спорттың дамуына, сондай-ақ жүзуге қатысатын жас жеткіншектер қатарының артуына ықпал ететін болады.
Елімізде орта буын медицина қызметкерлерін даярлау ісінде тоқсан жыл бойы үздіксіз білім беріп келе жатқан Шымкент жоғары медициналық колледжінің ғимараты биыл арнайы спорт залмен қамтылады.
Нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары 2022 жылдың қыркүйек айында басталып, қазіргі таңда өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде.
Нысанды салудың мақсаты – медициналық колледж студенттерін баскетбол мен волейбол ойнауға арналған спортзалмен қамтамасыз ету болып табылады. Ғимарат 2 қабатты әкімшілік тұрмыстық корпустан тұрады. Спортзал аумағы 552,2 шаршы метрді құрайды. Бірінші қабатта асхана, киім ауыстыру бөлмелері болса, екінші қабатта фитнес зал және оқу кабинеттері қарастырылған.
Білім беру жүйесін дамыту жөніндегі Жол картасы аясында биыл мамыр айында «Оқушылар сарайы» мен «Өнер мектебі» пайдалануға берілетін болды. Жаңа нысандар Шымкент қаласының тағы сегіз мың баласын тегін қосымша біліммен қамтиды. Сапалы білім беруді қамтамасыз етуде жаңа модификацияланған кабинеттермен қамту қарқынды өсуде.
141 мектепке 320 интерактивті панель орнатылды. Нәтижесінде пәндік кабинеттердің үлесі 72 пайыздан 85 пайызға өсті. Білім ұйымдары аумағында соңғы үлгідегі спорт алаңшаларымен қамту биыл 100% ға аяқталады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...