ФУТБОЛДАН ҮЗДІК ҮШТІК ТОП ЖАРДЫ

ФУТБОЛДАН ҮЗДІК ҮШТІК ТОП ЖАРДЫ

Биыл 6 мыңға жуық оқушы қатыстырылған «Шымкент жастар лигасы» бұқаралық сипат алды. Дүбірлі додаға Абай ауданынан - 41, Әл-Фараби ауданынан -29, Еңбекші ауданынан - 40, Қаратау ауданынан – 41 команда сайысқа түсті.
Футбол ойындарына қатысқан 135 командадан үздік үштік анықталды. №47 Тәжібаев атындағы мектеп-гимназиясы футболшылары Лига чемпионы атанды. Жүлделі 2-орынды №80 ІТ мектебі, 3-орынды №90 дарынды балаларға арналған мектеп гимназиясы қанжығалады.
Еске салар болсақ, Шымкентте 2022 жылы бұқаралық спортты дамыту мақсатында «Шымкент жастар лигасы» екінші рет ұйымдастырылды. Өткен жылы 140 мектеп қатысқан болса, биылғы жылы спорттың 4 түрінен 151 мектептен 6 мыңға жуық оқушы қатысты.
Спорт инфрақұрылымын дамыту мақсатында «Металлург» стадионын реконструкциялау, №12 спорт мектебі ғимаратына қосымша құрылыс және Бозарық шағын ауданында ауыр атлетика спорт кешені, «Медициналық колледжі» спорт залының құрылысы жүргізілуде.
Сонымен бірге, жеке инвесторлар есебінен «Ипподром» және «Үстел теннисі орталығының» құрылысы жүріп жатыр.
«Қажымұқан» орталық стадионында өткен финалда N65 мектеп командасы N90 мектеп командасын 3:1 есебімен жеңіп, футболдан ЖАСТАР ЛИГАСЫ 2022 жылдың чемпионы атанды. Жобаның жабылу рәсіміне қала әкімі арнайы қатысып, балаларды жеңіспен құттықтады.
–«Шымкент жастар лигасы» Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бұқаралық спортты дамытуға бағытталған кешенді бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында қаламызда екінші рет ұйымдастырылып отыр. Бұл жоба жастарды патриот, отансүйгіш, елжанды етіп тәрбиелеуге септігін тигізеді. Себебі, спорт денсаулықтың ғана кепілі емес, ол адамды табандылыққа баули отырып, ерік-жігерін шыңдай түседі. Бүгінгі жарыста жеңіске жеткен оқушылар тек спортта ғана емес, олар өз мектебінің абыройы мен беделі үшін атсалысты. Бүгін өзі білім алатын алтын ұя мектебінің намысын қорғаған жас жеткіншектер ертең ер жеткенде елінің де намысын қорғайтын, Отанына адал қызмет ететін азамат болады деп сенемін.Сондықтан бүгінгі жеңістеріңіз өмір жолдарыңыздың үлкен бастауы болсын! - деп тілек білдірді қала басшысы Мұрат Әйтенов.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...