ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕР 14 ЖАСАР ҚЫЗДЫҢ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕЛЕРІН ТРАНСПЛАНТАЦИЯЛАДЫ

ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕР 14 ЖАСАР ҚЫЗДЫҢ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕЛЕРІН ТРАНСПЛАНТАЦИЯЛАДЫ

Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасында алғаш рет жүйке жүйелерін трансплантациялау бойынша күрделі операция жасалды.
Қолындағы нерв жүйесі зақымдалған қарағандылық науқас қаладағы балалар ауруханасына 26-мамырда жоспарлы түрде жатқызылған. Пациентке алғашқы медициналық көмек пен оңалту ем шаралары жүргізілгенімен, нәтиже бермеген. Ауруханының нейрохирургы С.Кокшибаев пен №1 қалалық клиникалық ауруханасының нейрохиургы А.Сансызбаев 14 жастағы қыз баланың қолындағы зақымдалған жүйке жүйесін орталық жүйке жүйесіне жалғап берді.
Операция кезінде невр жүйелерін байланыстыру үшін микрохирургияық аппарат қолданылды. Тәжірибелі мамандар күрделі операцияны сәтті жасады.
Қыздың жағдайы жақсы болғандықтан, жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Бірер күнде үйіне шығарылады.
5 мамыр күні №1 қалалық клиникалық ауруханасының базасында 200-ші бүйрек трансплантациясы өтті. Рецепиент 6 жылдан бері бүйрек жетіспеушілігімен кезекте тұрып, гемодиализ аппаратына тәуелді болған. Алдағы уақытта рецепиент қалыпты өміріне қайта оралады.
Мұндай оталар әдетте 7-8 сағат уақытты алса №1 қалалық клиникалық ауруханасының білікті дәрігерлері 3-4 сағатта отаны сәтті аяқтауда. Қазір бүйрек жетіспеушілігімен Шымкент қаласы бойынша 2000-ға жуық науқас тіркеуде тұр және де алдағы уақытта науқастарға жоғарғы медициналық көмек көрсету жүргізіледі.
Шымкент қалалық №2 ауруханасына 22-сәуір күні түнгі сағат 00:10 шамасында жедел-жәрдеммен елу екі жастағы қала тұрғыны аса ауыр жағдайда жеткізілді. Дәрігерлер науқасты бірден жансақтау бөліміне жатқызып, тексеру жұмыстарын жүргізген.
Ауруханаға жетер жолда клиникалық өлімді бастап кешкен азаматша бұған дейін яғни 2016 жылы инсульт алғаны анықталды. Қиындықтарға қарамастан дәрігерлер науқасқа дер кезінде көмекке келді. Дәрігерлердің ептілігі, әрі біліктілігінің арқасында ауыр халдегі жүрегі тоқтап қалған науқастың күретамыр тынысы кенет қайта соқты.
Өмірге қайта келгендей әсерде болған шымкенттік жерлесіміз екі күн бойы өмір мен өлім арасында арпалысқан ақ халатты абзал жандарға алғысын жаудырды. Пациент үшінші күні жансақтау бөлімінен кардиология бөлімшесіне ауыстырылды.
«Науқастың түскен кездегі жағдайы өте ауыр болды. Клиникалық өліммен жеткізілді. Түскен кезде алғашқы көмек көрсетіп, ИВЛ аппаратына қостық. Қазіргі жағдайы тұрақты, науқас кислородсыз өздігімен демалуда», –дейді реанимация бөлімінің меңгерушісі Ержан Шераліұлы.
Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасы ерекше балаларға арналған жобаны қолға алды. Жоба аясында бүгін 700-ге жуық баланың тісіне түрлі ем шаралар жасалды. Соңғы үлгіде жабдықталған мамандандырылған стоматологиялық кабинетте тісті емдеумен қатар, ауыз қуысына диагностикалық тексерулер жүргізіліп, емдеу шаралары тағайындалды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...