ШЫМКЕНТ ПЕН СИАНЬ ҚАЛАЛАРЫ АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АРТАДЫ

ШЫМКЕНТ ПЕН СИАНЬ ҚАЛАЛАРЫ АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АРТАДЫ

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов Алматыдағы ҚХР-ның Бас консулы Цзян Вэй ханыммен кездесіп, Шымкент пен Қытайдың Сиань қаласы арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер барысында екі қаланың арасында ресми түрде бауырластық байланыс орнатты.
Кездесу барысында қалалар арасында мәдениет, туризм, ауылшаруашылығы, құрылыс, жол-көлік салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру тетіктері талқыланды.
Былтыр Шымкент пен Қытай арасындағы екіжақты тауар айналымы 236,6 млн.АҚШ долларына жеткен. Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан миллионды қала арқылы Еуропа мен Азия арасындағы байланыстарды нығайтуға бағытталған "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" трансұлттық көлік дәлізі өтеді. Мегаполистің Орталық Азияда инвестициялар, технологиялар мен зияткерлік ресурстарды тартудың жаңа орталығы болуда әлеуеті зор.
Қытай тарапы республикадағы үшінші қаланың осындай мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, түрлі салада ұзақ мерзімді жобаларды іске асыруға қызығушылық танытуда. Бас консул қыркүйек айында Шымкент делегациясын Сиань қаласында өтетін экономикалық мәселелер талқыланатын ауқымды шараға қатысып, қаланың мүмкіндіктерімен танысуға шақырды.
Биыл мамыр айында Қазақстан мен Өзбекстанның жеңіл өнеркәсіп кешенін бірлесе отырып дамыту мақсатында үкіметаралық келісімдер жасалған болатын. Осыған орай бүгін Шымкент қаласындағы «RAMADA» қонақ үйінде Өзбекстан Республикасынан келген арнайы делегация өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуге қала әкімінің орынбасары Нұрсадық Ергешбек қатысып, көрші елден келген инвесторлар мен бизнес өкілдеріне өзара ынтымақтастықтың тиімді тұстары жайлы айтты.
Сонымен қатар кездесуге ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриалды даму комитеті төрағасының орынбасары Олжас Сапарбеков те қатысты.
Кездесу барысында Шымкент әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациясы басқарма төрағасының орынбасары Ерболат Сариев қаламыздың инвестициялық әлеуеті, инвесторларға көрсетілетін қолдау мен ұсынылатын жеңілдіктер туралы әңгімеледі.
–Шымкент – Қазақстандағы үшінші мегаполис және қазақстандық жеңіл өнеркәсіптің астанасы. 2022 жылдың қорытындысы бойынша қаланың сыртқы сауда айналымы 2,6 миллиард АҚШ долларын құрады. Оның ішінде 846 миллион доллары экспорттың үлесінде болса, қаламызға 1 миллиард 739 миллион доллардың тауары импортталған. Жалпы, екі елдің Мемлекет басшылары өзара сауда айналымының көлемін 2025 жылға қарай 10 миллиард АҚШ долларына дейін жеткізу міндетін қойып отыр. 2022 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 3 миллиард 500 миллион долларды құрады. Соның ішінде Өзбекстан мен Шымкент қаласының арасындағы өзара сауда айналымы 370 миллион долларды құрады, – деді Ерболат Құлтасұлы.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...