Жастар ресурстық орталығы мен Шымкент қаласының ДСБ «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК-нің бірлесе ұйымдастыруымен абайлық жастар арасында «Өз ЖИТС статусыңды біл» науқаны өтті.
Бірлескен жоспар шеңберінде өткен науқанда, ЖИТС жұқпасының жұғу жолдары мен залал зияны жөнінде түсіндіріп, экспресс-тест жүргізілді.
Сонымен қатар, науқанға қатысқан жастар өз қатарластарын тексеруден өтіп, ЖИТС жұқпасын алдын алуға шақырды.
Айта кетейік, орталығымыздың ұйымдастыруымен бұндай жоспарлы науқандар тұрақты түрде ұйымдастырылып, ЖИТС жұқпасын алдын алу бағытында қала жастары арасында кеңінен насихатталу үстінде.
АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) — адамға өте қауіпті вирустардың бірі. АИТВ иммундық жүйені зақымдайды. Нашақорлық пен АИТВ алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру барша қоғамның міндеті.
Кездесудің мақсаты — АИТВ/ЖИТС–тің және нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын ұстанып жастарды спортқа баулу.
АИТВ-ның қазіргі таңда негізгі 3 жұғу жолдары дәлелденген.
1. Парентералды жол - қан және қан алмастырғыш препараттар арқылы
2. Жыныстық жол - қорғалмаған жыныстық қатынас арқылы
3. Анадан балаға - босану кезінде, емізгенде анадан балаға беріледі.
АИТВ қоздырғышы адам ағзасының биологиялық сұйықтықтары қанда, шәуетте, қынап сұйықтығында, емшек сүтінде көп бөлінеді. Сондықтан жоғарыдағы 3 жұғу жолы дәлелденген.
АИТВ инфекциясы адаммен құшақтасқанда,амандасқанда,сүйіскенде, жөтелгенде, суға түскенде , тұрмыстық заттарын қолданғанда жұқпайды.
АИТВ инфекциясына қарсы вакцина шыққан жоқ,тек антиретровирусты препараттар бар. Ол препараттар ағзадағы вирустың көбеюіне жол бермей бір қалыпта ұстап түрады. Ең өкінішітісі АИТВ-ға шалдыққандар өмір бойына вирусқа қарсы препараттарды қабылдайды.
Қазір жалпы қоғам болып бұл індеттің алдын алу шараларын насихаттау арқылы күресіп келеміз. Әсіресе жастар арасында көбірек үгіт насихат жұмыстары жүргізілуде.
1. Қауіпсіз жыныстық қатынас. Презервативті пайдалану жұқтыруды болдырмауға көмектеседі, алайда презервативті дұрыс пайдаланғанның өзінде, ол ешқашан 100% қорғай алмайды.Сондықтан бір ғана жыныстық серіктес болғаны жөн.
2. Есірткі тұтынудан бас тарту. Егер есірткіге құмарлығын тия алмаса, онда жаңа бір рет пайдаланатын ине мен шприцті қолдану керек.
3. АИТВ –жұқтырған ана босанғаннан кейін баланы емізбеу керек.
Сондықтан жастарға айтарымыз зиянды әдеттерден аулақ болып, жат қылықтардан бойымызды алшақ ұстайық.Бір мезеттік сезімге беріліп, өмір бойына бармағымызды тістеп қалмайық. Жеке бастың гигиенасын сақтап, спортпен шұғылданып, таза ауада серуендеп ағзамызды нығайтып дені сау ұрпақ әкелуге, саналы ұрпақ тәрбилеуге ат салысайы