ЖАСТАР АРАСЫНДА ТИМБИЛДИНГ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ЖАСТАР АРАСЫНДА ТИМБИЛДИНГ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Жол-көлік колледжі жастары арасында «Мазасыздық деңгейін диагностикалау» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – жастар арасында кездесетін психологиялық теріс түрлі мінез-құлықтардың алдын алу.
Тренинг барысында жастар арасында кездесетін психологиялық мінез-құлықтар мен мазасыздықтар жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, түрлі ойындар ойнатылды.
Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаулысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, коршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың, азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі — бала тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі — бұл жалпы тәрбиенің ең басты бір бөлігі.
Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Біреуі білсем екен демекілік. Не көрсе соған талпынып, “ол немене?”, “бұл немене?” деп, “ол неге үйтеді?”, “бұл неге бүйтеді?” деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дегені. (А. Құнанбаевтың жетінші қара сөзі). Баланың алғашқы тәрбие алатын орны – отбасы. Отбасында баланың мінез-құлқы, әдет дағдысы қалыптасады. Еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру – біздің негізгі мақсатымыз. Тәрбие – күрделі үдеріс. Саналы да, білімді болашағын қалыптастыру әрбір ата-ананың мерейлі міндеті, парасатты парызы. Еліміздің болашағының тізгінін ұстар тұлғаның бойына білімнің нәрін, тәрбиенің иісін сіңіруміз қажет. Ата-бабамыздан қалған ұлттық тәрбиемізге дақ түсірмеу үшін барлық қажетті жауапкершілікті ата-ана өзіне алғаны жөн, себебі бала ата-ананың өмірінің жалғасы. «Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деп өткен ғасырдың ұлы тұлғасы А.Байтұрсынұлы айтқандай, баланың болашағына толғанар ел, ойланар отбасы қалыптасса елдің болашағы зор болмақ.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ