БАСТЫ БАЙЛЫҚ - ДЕНСАУЛЫҚ

БАСТЫ БАЙЛЫҚ - ДЕНСАУЛЫҚ

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Салауатты өмір салтын ұстан» тақырыбында сала қызметкерлерінің қатысуымен «Жоғары медицина колледжі» МКҚК студенттері арасында кездесу өтті.
Мақсаты - жастар арасында нашақорлықтың, маскүнемдіктің және АИТВ/ЖИТС–тің алдын алу және жастарды спортқа баулу.
Кездесуге Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция майоры Карбеков Бауыржан, ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық маманы Жүргенбаева Назира және ШЖҚ Психикалық денсаулық сақтау орталығының Нарколог Шаукенбаева Асем Лесбаева қатысты.
Жиын барысында кәмелетке толмаған жастар арасында белең алған түрлі жат қылықтар мен есірткіге тәуелділіктің алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ АИТВ/ЖИТС-тің адам өміріне тигізер кері әсері мен оның алдын алу бағытында сөз етілді.
Кездесудің мақсаты — АИТВ/ЖИТС–тің және нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын ұстанып жастарды спортқа баулу.
АИТВ-ның қазіргі таңда негізгі 3 жұғу жолдары дәлелденген.
1. Парентералды жол - қан және қан алмастырғыш препараттар арқылы
2. Жыныстық жол - қорғалмаған жыныстық қатынас арқылы
3. Анадан балаға - босану кезінде, емізгенде анадан балаға беріледі.
АИТВ қоздырғышы адам ағзасының биологиялық сұйықтықтары қанда, шәуетте, қынап сұйықтығында, емшек сүтінде көп бөлінеді. Сондықтан жоғарыдағы 3 жұғу жолы дәлелденген.
АИТВ инфекциясы адаммен құшақтасқанда,амандасқанда,сүйіскенде, жөтелгенде, суға түскенде , тұрмыстық заттарын қолданғанда жұқпайды.
АИТВ инфекциясына қарсы вакцина шыққан жоқ,тек антиретровирусты препараттар бар. Ол препараттар ағзадағы вирустың көбеюіне жол бермей бір қалыпта ұстап түрады. Ең өкінішітісі АИТВ-ға шалдыққандар өмір бойына вирусқа қарсы препараттарды қабылдайды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ