ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ АЙМАҚТЫҚ КЕҢЕСТІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ АЙМАҚТЫҚ КЕҢЕСТІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі аймақтық кеңестің көшпелі отырысы өтті.
Кеңестің алғашқы отырысында «Жасөспірімдер мен жастар арасында электронды темекі мен вейптердің жаппай таралуы», «Жастар арасында есірткі заттарының, соның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы» тақырыптары талқыланған болатын.
Осы орайда кеңес төрағасы Балабиев Нұрсұлтан, кеңес мүшелері Аят Азимов және Жүнісбек Ердаулет нақты іске көшіп, қаламыздағы кофеханаларында және қоғамдық орындарында электронды темекі мен вейптердің қаншалықты адамға зиян екендігі туралы жадынама парақшаларын таратты.
Нәтижесінде, алдаңы уақытта Қазақстан бойынша 130 — дан аса кофеханаларда электронды темекі мен вейптердің зияндығы туралы арнайы ескерту парақшалары ілініп тұратын болады.
Еске салар босақ, «Жасөспірімдер мен жастар арасында электронды темекі мен вейптердің жаппай таралуы», «Жастар арасында есірткі заттарының, соның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы» тақырыптары талқыланған болатын.
«Өздеріңіз білетіндей, ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес, елімізде темекі бұйымдарын 21 жасқа толмаған адамдарға сатуға заңмен тыйым салынған. Соған қарамастан, жастар мен жасөспірімдер арасында вейпке, электронды шылымға деген сұраныс күн санап артып барады. 300 мың отандасымыз тыныс алу органдарының аурулары бойынша есепте тұр. ДДСҰ-ның дерегіне сенсек, осы күні 33 мемлекетте вейп мүлдем сатылмайды. Біз де тездетіп осындай шара қабылдауымыз қажет», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасы Жанар Қалмақова.
Жастарды қолдау кеңесінде талқыланған бұл мәселе бойынша алдағы уақытта да жұмыс жалғасады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...