ШЫМКЕНТ: ТОҒЫЗ ТӘУЛІК ІШІНДЕ ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН 600-ГЕ ЖУЫҚ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

ШЫМКЕНТ: ТОҒЫЗ ТӘУЛІК ІШІНДЕ ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН 600-ГЕ ЖУЫҚ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасын тұрақты түрде өткізіп келеді.
Іс-шараның негізгі мақсаты - қала аумағында кәмелет жасына толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түнгі уақытта ойын – сауық орындарында болған, ата-анасының бақылауынсыз жүрген балаларды, мектептерде құқық бұзушылыққа бейім лидерлерді анықтау.
Шара барысында кәмелет жасына толмағандарға қатысты 574 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде: ҚР ӘҚБтК-нің 132 бабы (Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру) бойынша – 18, ҚР ӘҚБтК-нің 200 бабы (Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу) – 1 жайт, ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабының 1 бөлігі (Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы) бойынша – 21 жасөспірім анықталды.
Сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабының 2 бөлігі (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы) бойынша – 524, ҚР ӘҚБтК-нің 127 бабы (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша 3 ата-анаға әкімшілік шара көріліп, қадағалаусыз жүрген 66 жасөспірім бейімдеу орталығына орналастырылды.
Шымкент полициясы ата-аналарға балаларыңыздың бос уақытында қандай іспен айналысып жүргендіктеріне баса назар аударып, мұқият көңіл бөлулеріңізді ескертеді. Өз балаларыңыздың тәртібі мен қауіпсіздігі үшін жауапты екендеріңізді назарда ұстаңыздар.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...