ШЫМКЕНТТЕ ҚОЛЖЕТІМДІ ӘУЕ ТАСЫМАЛЫ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЙСТЕР ЖАНДАНАДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ҚОЛЖЕТІМДІ ӘУЕ ТАСЫМАЛЫ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЙСТЕР ЖАНДАНАДЫ

Шымкент қаласының әкімдігі және FlyArystan әуе компаниясы ұйымдастырған баспасөз жиынында Шымкенттен ішкі және халықаралық, маусымдық тұрақты рейстердің жанданатыны туралы айтылды.
Кездесуде еліміздегі жетекші лоукостер – FlyArystan әуекомпаниясы Шымкенттен ұшатын жолаушылар үшін әуе тасымалының қолжетімділігін арттыруға бағытталған шарттармен таныстырып өтті.
Шымкент әуежайы бюджеттік әуекомпанияның бес хабының бірі болып табылады.
Сондықтан әуекомпания басқа қалалармен авиациялық байланыстың сапасын арттыру мақсатында еліміздің ең шуақты қаласынан көбірек рейстерді ашуды жалғастыруда.
Жазғы кезеңге Шымкенттен Қостанайға, Ақтөбеге, Семейге және Атырауға, сондай-ақ, грузиялық Кутаисиге дейінгі жазғы маусымдық маршруттар қалпына келтіріледі. Сонымен қатар Алматыға, Астанаға, Ақтауға және Шымкент-Дели-Шымкент жаңа бағыты бойынша тұрақты рейстер қазақстандықтарға қолжетімді бағамен мобильді болып қалуға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта билеттерді ерте брондау арқылы, екі халықаралық бағытқа – Кутаиси мен Делиге, біржақты билет құны 55 және 70 АҚШ долларынан бастап алуға болады. Тікелей халықаралық рейстерден басқа, Астана арқылы да басқа шетелдік қалаларға жетуге болады. Мәселен, Бакуға аптасына 2 рет, Анкараға аптасына 2 рет.
Сонымен қатар шымкенттіктер Ақтау арқылы Баку, Ереван және Ыстамбұлға сапарларын жоспарлай алады. Бұл рейстер Ақтау арқылы аптасына 1-2 рет орындалады.
Сондай-ақ, биылғы жылы тұрғын үй кезегіне санаттар бойынша тіркелген азаматтарға 324 пәтер, жастарға 888 пәтер, несиелік бағытта 2037 пәтер берілу көзделіп, оның ішінде қазіргі таңда 902 азамат 5-20-25, 2-10-20 «Бақытты отбасы» бағдарламалары бойынша қамтылды.
Айта кететін, биыл Шымкент қаласы бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы саны 2833 пәтер жоспарланған. Оның ішінде 1621 пәтер тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға жеңілдетілген несиелік бағытта үлестіріледі. Бұл тұрғын үйлер «2-10-20 Бақытты отбасы» және «5-20-25» несиелік бағдарламалары бойынша Отбасы банк арқылы тапсырылады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...