МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН ӨТІНІШ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН ӨТІНІШ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Қазақстандық жоғары оқу орындары білім гранттарына құжаттар қабылдауды бастады, деп хабарлайды Ғылым және жоғары білім министрлігі.
«Бүгін еліміздің барлық жоғары оқу орындары білім гранттары конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдауды бастады. Құжат қабылдау 20 шілдеге дейін жалғасады. Талапкерлер онлайн және оффлайн режимінде құжат тапсыра алады», делінген хабарламада.
Биыл құжаттар eGov арқылы онлайн және ЖОО қабылдау комиссиялары арқылы оффлайн режимінде қабылданады. Сондай-ақ университеттердің виртуалды іріктеу комиссиясы жұмыс істейді. Құжаттарды кез келген университетте (орналасқан жері бойынша) тапсыруға болады, деп хабарлайды Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қостанайға жұмыс сапары барысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Е.Нағаспаев өңірдегі бірқатар өндірістік нысандарды аралады. ​Министр Индустриалды аймақтағы Kia...

Креативті индустрияларды дамыту – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі, бұл сала Мемлекет басшысының тікелей бақылауында. «Креативті индустрия...