Бүгін аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов бекітілген кестеге сәйкес есептік кездесуін Ақбиік ауылдық округінде өткізді. Дәстүрлі жиында ауыл тұрғындары көкейлерінде жүрген өтініш-ұсыныстарын жеткізіп, қанағаттандырарлықтай жауап алды.
Жері құнарлы Түлкібас ауданы бау-бақша егуге қолайлы аймақ. Осыны ескере келе аудан басшысы тұрғындарға осы бағытта жұмысты жандандыруды ұсынды. Сонымен қатар Нұржан Жақсылықұлы соңғы жылдары су тапшылығы өзекті мәселеге айналып келе жатқаның алға тартып, шаруаларға суды үнемдеуге бағытталған технологияларды барынша қолдануға шақырды.
Кездесуден соң аудан басшысы жеке мәселесімен жүгінген «Қуаныш» шаруа қожалығының төрағасын қабылдап, жер қатынастарына қатысты өтінішін қанағаттандыру мақсатында тиісті бөлімге нақты тапсырмалар жүктеді.
Содан соң, аудан басшысы округ депутаты, ауыл тұрғындары және жауапты мамандармен бірге кездесуде көтерілген мәселелер бойынша насандарды аралап, ондағы проблемалардың шешу жолдарын талқылады. Нұржан Жақсылықұлы жиында көтерілген барлық мәселе шешімін тапқанша бақылауда тұратындығын жеткізді, деп хабарлайды Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.