ЖЕТІСАЙ: ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ – ҚОҒАМНЫҢ МҮДДЕСІН ҚОРҒАЙДЫ

ЖЕТІСАЙ: ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ – ҚОҒАМНЫҢ МҮДДЕСІН ҚОРҒАЙДЫ

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Темір Қырықбаев бүгін Жетісай ауданында болып, жеке қабылдау өткізді. Қабылдауға аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен барлық бөлімдердің басшылары, Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Тұрғанбек Оспанов пен «Amanat» партиясы Жетісай аудандық филиалының төрағасы Әділхан Асауов, облыстық мәслихат депутаты Талғат Қаржауов пен жергілікті мәслихат депутаттары қатысты.
Қабылдауға келген аудан тұрғындары негізінен білім, спорт, денсаулық, мәдениет және кәсіпкерлік салаларында елдегі жасалып жатқан қамқорлықтар мен мемлекеттік бағдарламаларға қатысу, ақылы қоғамдық жұмысқа орналасу, тұрғын үй салуға жер учаскесін алу жолдарын сұрап, интернет желісін жақсарту бойынша өтініштерін айтты. Жас отбасылар мен аз қамтамасыз етілген, көп балалы жанұя мүшелерін баспанамен қамту жайында ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Қабылдаудан соң мәжілісмен Асықата кенті мен Жетісай қаласындағы мәдениет үйлерінде сайлаушылармен жүздесіп, еркін форматта әңгімелесті. Парламент қабырғасында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен таныстырды.
Қоғамдық қабылдау мен кездесулер барысында айтылған әрбір өтініш пен ұсыныстар бойынша заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бағыт-бағдар берілді. Хаттамаға енгізілді, деп хабарлайды Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ