КЕЛЕС: КЕЛЕС АУДАНЫНДА ҚҰДЫҚ ҚАҚПАҚТАРЫ ЖАҢАРТЫЛУДА

КЕЛЕС: КЕЛЕС АУДАНЫНДА ҚҰДЫҚ ҚАҚПАҚТАРЫ ЖАҢАРТЫЛУДА

Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев ауылдық елді мекендерді аралап, жергілікті тұрғындармен кездескенде көтерілген мәселелердің бірі - ашық жатқан құдықтар жайлы болған еді. Сонымен қатар Түркістан облысының iKomek 109 бірыңғай байланыс орталығына хабарласып, ашық жатқан құдықтар жайлы құзырлы органдарды құлағдар еткен тұрғындар да болды. Мәселенің өзектілігін ескерген аудан басшысы тиісті мекемелерге тапсырма беріп, орындалуын бақылауына алды. Нәтижесінде жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, Амангелді ауылындағы ауыз су құдықтарының жарамсыз және сынған қақпарын сапалы және 25 тоннаға дейін қуаттылығы бар қақпақтарға ауыстырылды. Аталған жұмыстар «Келес қызмет» мекемесі тарапынан жүзеге асуда.
- Келес ауданында қатердің алдын алу үшін аудан аумағындағы құдықтардың қауіпсіздігін қадағалауды күшейттік. Соның нәтижесінде аудан көлемінде құдық қақпақтарының қауіпсіздігі тұтастай тексеріліп, ашық қалған құдықтардың қақпағы жабылды, сынған қақпақтар ауыстырылуда. Алдағы уақытта Қошқарата, Жүзімдік, Бірлесу, Ақтөбе ауылдық округтері мен аудан орталығында жоспарлы жұмыстар жүзеге асырылады, - дейді Келес қызмет мекемесінің директоры Байтуған Керінбаев.
Айт кетейік, орнатылып жатқан қақпақтар сапалы әрі берік болуы үшін оларды бірнеше қабаттайды. Тіпті, адам аяғының астында жатып, сынып кетсе, ұстап қалатын арнайы тор да қарастырылған. Осылайша, құдық желісін жауып тұратын қақпақ ұзақ уақытқа дейін шыдайды дейді мамандар. Аудан аумағындағы құдықты жауып тұратын бұл бітеулер өте өзекті мәселе. Себебі темір қақпақты қолды қылатындар кездесіп жатыр, деп хабарлайды Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в Казахстане  продолжается работа по системной модернизации топливно-энергетического комплекса....

Жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде отын-энергетика кешенін жүйелі жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Сенімді, өзін-өзі...