КЕЛЕС: ҰШҚЫНДАҒЫ ШЕКАРАНЫҢ БЕЙТАРАП АЙМАҒЫНДАҒЫ КАНАЛДАР ТАЗАЛАНУДА

КЕЛЕС: ҰШҚЫНДАҒЫ ШЕКАРАНЫҢ БЕЙТАРАП АЙМАҒЫНДАҒЫ КАНАЛДАР ТАЗАЛАНУДА

Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев Ұшқын ауылдық округінің тұрғындарымен жыл басында кездескен болатын. Сол кездесуде тұрғындар Өзбекстан Республикасынан бастау алатын В-15 және В-24 ағын су каналдары мен шекараның бейтарап аймағын механикалық тазалаудан өткізу мәселесі көтерілген болатын. Бүгінгі таңға қажетті қаржы қарастырылып, бұл каналдар тазалануда. Тұрғындар көтерген мәселелер бойынша арнайы іс шара жоспары істеліп, жүйелі шаралар атқарылуда.
Бүгін аудан әкімі Жәнібек Есенұлы бекітілген кестеге сәйкес Ұшқын ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Алдымен кездесу барысында өткен жиында көтерілген түйіткілдердің шешім жолына тоқталған аудан басшысы алдағы міндеттерге тоқталып өтті.
— Тұрғындар көтерген мәселелерді шешу біздің басты міндетіміз. Сіздер қозғаған мәселенің бірі Ұшқын елді мекеніндегі ауыз су алаңшасын жаңарту болатын. Бүгінде жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеу жұмыстары жүргізілді. Тиісті қаржысын бөлдіруге жергілікті бюджетке ұсыныс берілген. Сонымен қатар, Достық елді мекеніндегі ауыз су ұңғымасының насосын ауыстыру бойынша, қазіргі таңда қаржы қарастырылып, мемлекеттік сатып алу жүргізіліп, жеңімпаз анықталды. Алдағы аптада ауыз су ұңғымасының насосы ауыстырылатын болады. Ал Достық және Қоралас елді мекендеріне табиғи газ тарту бойынша көтерген мәселе бойынша жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, қаржы қарастыруға ұсыныс берілді. Бүгінгі таңда республикалық бюджеттік комиссияда қаралуда, - деді аудан әкімі.
Кездесуге аудан әкімімен қатар аудандық мәслихаттың депутаттары, аудан әкімі аппаратының бөлімше басшылары, дербес және құрылымдық бөлімдердің басшылары қатысты. Тұрғындар бұл жолғы кездесуде каналдарды механикалық тазалау, көпірлерді реттеу, әлеуметтік ғимараттарды жөндеуден өткізу бағытында өз сұрақтарын жолдады. Көтерілген мәселелер бойынша арнайы хаттамалық тапсырма түзіліп, орындалуы бақылауға қойылды, деп хабарлайды Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысына Үкіметтік комиссияның Ақтау қаласы әуежайының маңында болған Аz Airlines әуе компаниясының Embraer 190 ұшағының апатқа ұшырау...

Ресей, Ленинград облысы Санкт-Петербург қаласына жұмыс сапарымен келген Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер басшыларының...