Келес ауданының Алпамыс батыр ауылдық округі аумағына жалпы — 33,85 шақырым автомобиль жолдары бар. Облыстық маңызы бар – 5,9 шақырым, ішкі көшелер – 27,95 шақырымды құрайды. Биыл Қауыншы елді мекеніндегі Т.Тәжібаев көшесіне – 1200 метр асфальт төсеу үшін мемлекеттік сатып алу порталында конкурсқа қойылған. Қажымұқан, Мұсабек батыр, Мұғалімдер көшелеріне шағал тас төсеу жоспарлануда. Ал Ақжол елді мекенінің ішкі көшелерін орта жөндеуден өткізу үшін мемлекеттік сараптама қорытындысы алынып, облыстық тиісті басқармаға қаржы қарастыру үшін ұсыныс берілді. Жоспарлы жұмыстар биыл жүзеге аспақ. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев Алпамыс батыр ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуінде атап өтті.
— Бүгін, Алпамыс батыр ауылдық округіне өздеріңізбен жүздесіп, маңызды мәселелерді бірге талқылау үшін арнайы келіп отырмыз. Ағымдағы жылдың 2 наурыз күні Сіздермен есептік кездесу өткізген болатынмын. Сол кездесуде маңызды 6 мәселесі көтерілген. Сол мәселелерді шешу бойынша арнайы іс-шара жоспары жасалып, жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Атап өтсем, жергілікті тұрғындардың сұранысы негізінде Ақжол елді мекені М.Әуезов көшесінің бойынан спорт алаңшасының құрылысы жүргізілді, ағымдағы жылдың маусым айында пайдалануға берілу жоспарлануда. Сонымен қатар, Ақжол елді мекені Абай көшесіне ағымдағы жылдың мамыр айында жалпы ұзындығы 1,4 шақырым асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Ал аталған көшедегі гүлзарға қосымша орындықтар орнатылды және гүлзарларға қосымша қоршау орнатылатын болады, - деді Жәнібек Есенұлы.
Кездесу барысында ауылдық амбулатория, инфрақұрылым, ауылшаруашылығы саласындағы несиелендіру, заңсыз салынған нысандар, ағын су сынды мәселедер көтерілді. Тұрғындар сұрағына жауап берген аудан басшысы келесі жылы ауылда дәрігерлік амбулатория құрылысы жүргізілетінін, ондағы коммуникация жүйелері толығымен жаңартылатынын атап өтті. Сонымен бірге салынатын инфрақұрылым жүйедерінің сапасы қатаң бақылауда болатынын жеткізді, деп хабарлайды Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.