ОТЫРАР: ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ОТЫРАР: ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің ұсынысы негізінде Отырар ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қоғамдық бақылау жұмыстары өтті.
Жоспарға сәйкес Көксарай ауылында өткен қоғамдық бақылау жұмыстарына «Отырар аудандық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сәрсенбек Сартаев, Отырар ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы Есбол Қасымбековтер қатысты.
Азаматтық қоғам өкілдерімен бірлескен бақылау жұмыстары барысында мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай қалыптастыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну, заң талаптары аясында қызмет көрсету барысымен танысты.
Тұрғындардың аудан орталығындағы «Халыққа қызмет көрсету орталығына» немесе өкілді органдарға бармай-ақ «Өз-өзіне қызмет көрсету» бұрышы арқылы онлайн түрінде қызмет алуға мүмкіндігі жоғары.
Бюрократиядан арылту және тұрғындардың онлайн қызмет алуына жағдай жасау мақсатында «Қазақтелеком» АҚ мен Түркістан облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы «Е-Қолдау» қоғамдық қолжеткізу пункттері (терминал) орнатылған болатын. Терминал онлайн қызметтерді алуға көп мүмкіндіктер беріп келеді. Анықтамалар мен құжаттар үшін аудан орталығына сабылған тұрғындар енді әуре-сарсаңға салынбайтын болады.
Бақылау жұмыстары барысында жоғары бағасын берген Сәрсенбек Базарбекұлы тірек-қимыл аппараты бұзылған, көру қабілеті төмен азаматтарға арнап мемлекеттік қызмет көрсетудің бекітілген қағидасына сәйкес келетін арнайы орындарды жасақтауды ұсынды, деп хабарлайды Отырар ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

  Қазақстанда шетелдік инвестицияларды тарту үшін жағдайды жақсарту бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Осы бағыттағы кезекті қадам – инвесторлық виза, яғни...

Қазақстан өзінің минералдық-шикізаттық базасын белсенді дамытып, жоғары технологиялық өнімдерді өңдеу мен өндіруге инвестициялау үшін қолайлы жағдай жасай...

AIS OIP мобильді қосымшасы азаматтарға атқарушылық өндіріс саласындағы ақпарат пен қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Қолданбаны Google...

9 мая 2025 года в Парке Победы состоялась театрализованная концертная программа, посвящённая 80-летию Великой Победы в Великой Отечественной...