САРЫАҒАШ: ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІНЕ СӘЙКЕС АУДАН ӘКІМІ АРМАН АБДУЛЛАЕВТЫҢ ТАПСЫРМАСЫ ОРЫНДАЛУДА

САРЫАҒАШ: ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІНЕ СӘЙКЕС АУДАН ӘКІМІ АРМАН АБДУЛЛАЕВТЫҢ ТАПСЫРМАСЫ ОРЫНДАЛУДА

Аудан әкімі Арман Абдуллаев Жемісті ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуінде Тың елді мекенінің тұрғындары мектепке баратын жолға жарықтандыру бағаналары мен шамдарын қою бойынша өтініштері мен ұсыныстарын айтқан болатын.
Тұрғындар ұсынысына сәйкес, аудан әкімі Арман Абдуллаев ауылдық округ әкіміне көшені жарықтандыру мәселесін қолға алуды тапсырып, нақты мерзім белгілеген.
Бүгінде аудан әкімінің тапсырмасы орындалып, Тың елді мекеніндегі №46 Тоқтаров жалпы орта мектебіне баратын Бірлік көшесіне жарықтандыру бағаналары мен шамдарын қою жұмыстары мердігер мекеме тарапынан жүргізіліп жатыр.
Аталған көшені жарықтандыру үшін 4 адам жұмысқа тартылып, 6 дана жарықшамдар қою жоспарлануда, деп хабарлайды Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түрікменстан, Аваза қаласы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі конференцияны шақыру бастамасын көтергені үшін Түрікменстан Президенті Сердар...

Түрікменстан, Аваза қаласы Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясының ашылу салтанатына дейін Орталық Азия...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ана мен бала өлімін азайту жөніндегі шаралар қаралды, деп хабарлайды ...

Туркменистан, г Аваза В своем выступлении Президент Касым-Жомарт Токаев поблагодарил Президента Туркменистана Сердара Бердымухамедова за инициативу созвать...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында сауда саласын цифрлық трансформациялау барысы мен даму болашағы қаралды, деп...