Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша арнайы қабылдады. Жеке қабылдауда алдын ала жазылған 34 тұрғынның мәселесі қаралды.
Жеке қабылдауға келген тұрғындар жолға шағал төсеу, күл-қоқыстарды арақашықтыққа орналастыру, инватакси және әлеуметтік көлікті көбейту, ерекше қажеттілігі бар азаматтарға гигиеналық заттардың уақытылы берілмеуі, халыққа тиімді емдеу-оңалту орталығын ашу, тұрғын үй салу үшін жер учаскесін беру, жайылым жер, жерді заңдастырып беру, табиғи газбен қамтамасыз ету, көпқабатты тұрғын үйден пәтер беру, әлеуметтік көмек беру және басқа да жеке мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді.
Қабылдау барысында аудан басшысы Арман Абдуллаев әрбір тұрғынның жеке мәселесін тыңдап, бірқатарына заңдылыққа сәйкес жауап берсе, бірқатар мәселені шешу үшін тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ, әр мәселені жеке бақылауға алатындығын атап өтті, деп хабарлайды Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.