СІМ экс-жауапты хатшысы Сирия келіссөздерін ұйымдастырғаны үшін пара алған

СІМ экс-жауапты хатшысы Сирия келіссөздерін ұйымдастырғаны үшін пара алған

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Анарбек Қарашевтің ісі бойынша жаңа деректер пайда болды, - деп хабарлайды inbusiness.kz.

Atameken Business телеарнасының хабарлауынша, Анарбек Қарашев ШЫҰ, ЕурАзЭҚ және Астаналық процесс деп аталатын Сирия келіссөздері сияқты маңызды халықаралық іс- шараларды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету шарттарын жасағаны үшін пара алған.

Осы қызметтердің барлығы үшін экс-жауапты хатшы 52 миллион теңге пара алған. Оның 7 миллион 400 мың теңгесі Қарашев барған сауналар мен мейрамханаларға жұмсалған. Сондай-ақ, сот барлық істе Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы қызметкеріне тағы 4 адамның көмектескенін дәлелдеді. Олар 2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Анарбек Қарашев пен Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Ерік Өтембаев екі жылға бас бостандығынан айырылды.

Еске салайық, Анарбек Қарашевтің үкімі 2020 жылдың 21 қыркүйегінде шыққан. Бастапқыда Қарашевтің әрекеті елшілік ғимаратының құрылысына бөлінген қаражатты жымқыру ретінде қарастырылған болатын. Алайда кейін сот олардың әрекетін билікті теріс пайдалануға жатқызды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

В НПП «Атамекен» прошло совещание по реализации проекта «Развитие климатических устойчивых водных ресурсов». В мероприятии приняли участие министр...

«Атамекен» ҰКП-да «Климатқа төзімді су ресурстарын дамыту» жобасын іске асыру бойынша жиын өтті. Жиынға ҚР Су ресурстары және ирригация министрі...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен елімізге алғашқы ресми сапармен келген Болгария Президенті Румен Радев екі мемлекет...

Түркістан қаласында «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық көлік дәлізі бойында орналасқан көпірде сурет салуға арналған арнайы алаңдар бар. Осы...