«Ауылдағы өзекті мәселені жергілікті тұрғындардан артық білетін ешкім жоқ. Сол себептен аймақтағы проблемаларды шешу мақсатындағы жұмыстар жергілікті тұрғындармен ақылдасып, бірлесіп шешілетін болады»-деді, аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов Жабағылы ауылдық округі тұрғындары алдындағы есептік кездесуде.
Есептік жиынға облыстық мәслихаттың депутаты Нұрайым Шахимерген қызы, аудандық мәслихаттың төрағасы Хамит Байысбаев, аудан әкімінің орынбасары Марат Жанесен мен дербес бөлімдер және мекеме басшылары арнайы қатысып, жабағылылықтардың көкейінде жүрген мәселелерге құлақ асты.
Ағын су, ауыз су, жайылым, субсидия, жеңілдетілген пайызбен несие алу мәселесін алға тарқан тұрғындардың өтініштері жеке-жеке талқыланып, аудан әкімі және тиісті мекеме басшыларының тарапынан толыққанды жауап берілді.
Күрделі болып тұрған ауыз су мәселесі бойынша аудан әкімдігі мен халық қалаулысы Нұрайым Шахимергенқызы тарапынан Заң талаптарына сай облыстық жауапты басқармамен тиісті жұмыстар атқарылатындығы айтылып, көтерілген барлық мәселе шешімін тапқанша бақылауда тұратындығын тұрғындарға ескертілді.
2023 жылы округ аумағында іске асатын жұмыстар:
- Жабағылы ауылы Талдыбұлақ, Желтоқсан, Аубакиров, Батылдық, Көрікті көшелеріне орташа жөңдеу және жарықтандыру жұмыстары. Бюджет түсіміне байланысты келесі жылға өтпелі болуы ықтимал.
- Жабағылы ауылы Жартыбаев, Желтоқсан, Аубакиров көшелерінің газдандырылмаған үйлеріне газ құбырын жүргізу жұмыстарының жобалық сметалық құжаттарын әзірлеу.
- Абайыл ауылындағы медициналық пункт құрылысының жобалық сметалық құжаттарын әзірлеу, деп хабарлайды Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.