Бүгін аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков аудан тұрғындарымен кезекті жеке қабылдауын өткізді. Қабылдауға келген аудан тұрғындары тұрғын үй, жер, газ, ауыз су және әлеуметтік мәселелерді қозғап, өздерінің сұрақтарын қойды.
Аудан басшысы Ержігіт Шәріпбеков тұрғын үй бойынша өтінішпен келген азаматшаға кезек бойынша тізімде бірінші тұрғанын айтып, үй салу құрылысына ЖСҚ-ы әзірленіп, қаржыландыруға ұсыныс берілгенін, алдағы уақытта жаңадан үйлер соғылған кезде берілетіні түсіндірілді.
Тұрғын үйіне газ қосып беруге өтініш білдірген азаматшаға көмек берілетінін айтты. Жер мәселесі бойынша аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Б.Бақтайбековке тапсырма беріліп, қолданыстағы заңға сәйкес түсініктеме берілді.
Шаянның ауыз суы бойынша қайта құрылымдаудан өткізіліп, қазіргі таңда су айдайтын құрылғыны қосу жұмыстары жүргізіліп жатқандығын, толық ауыз сумен қамтамасыз етілетіндігін жеткізді.
Сонымен қатар тұрғындардың басқа да көтерген мәселелерін орындау бойынша жауапты бөлім, мекемелерге тапсырма берілді, деп хабарлайды Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.