МОДЕРНИЗАЦИЯДАН КЕЙІН ЗАҒИПТАР КІТАПХАНАСЫНЫҢ ОҚЫРМАНДАР САНЫ 33% ҒА АРТТЫ

МОДЕРНИЗАЦИЯДАН КЕЙІН ЗАҒИПТАР КІТАПХАНАСЫНЫҢ ОҚЫРМАНДАР САНЫ 33% ҒА АРТТЫ

Модернизация кітапсүйер қауымға мол мүмкіндік сыйлады десек болады. Конференция залында түрлі форматтағы көлемді іс шаралар ұйымдастырылса, қазақша нүктелі-бедерлі шрифт авторы Ақан Қасымов атындағы және тұңғыш бедерлі шрифт авторы Л.Брайль атындағы зал зағип жандардың кітап оқуына бейімделген.
Көзі көрмейтін және әлсіз көретін оқырмандар қажеттіліктеріне қарай өздеріне ұнаған қызықты тарихи, психологиялық, мотивациялық, әдеби кітаптары жиі сұраныста.
Кітаптарды SARA, Oрtelec деп аталатын арнайы зағиптарға арналған оқу машинкаларымен оқиды. Сонымен қатар бүкіл дүние жүзіндегі зағип азаматтар қолданатын Брайльша бедерлі нүктелі кітаптарды оқып және де дыбыстылған аудио форматтағы кітаптарды тыңдай алады.
Қазіргі таңда, арнайы кітапханадағы кітап қоры 140376 дананы құрайды. Негізгі кітап қоры бедерлі – нүктелі әріпті, жазық баспалы, дискіде, нашар көретіндерге арналған мәтіні үлкейтілген әріптер жазылған әдебиеттер мен мерзімді басылымдар, кіші қалыптағы мүсіндер, бедерлі – графиялық құралдар. Оның ішінде дәл осы кітапханада 2003 жылдан бері дыбысталып келе жатқан аудиокітаптар саны 5000-нан астам. кейін кітапхананың оқырман саны бұрыңғы оқырман санынан 33% ға артқан.
Айта кететін, биыл Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасына – 45 жыл толып отыр. Кітапхана 1978 жылдың тамыз айында облыстық Мәдениет басқармасы бұйрығының және Мәдениет Министрлігінің 23.12.1977 жылғы хатының негізінде ұйымдастырылған.
Жасөспірімдер кітапханасы 14-16 жас аралығындағы жасөспірімдерге, 17- 29 жас аралығындағы жастарға, олардың тәрбиесімен айналысатын ұстаздар мен тәрбиешілерге, басқа да оқырмандар категорияларына қызмет көрсететін ірі мәдени-ағарту, білім беру, ақпараттық орталық болып табылады.
Кітапханадағы кітап қоры 174 мың, жылына 24 мыңнан астам кітапсүйер оқырманға ұсынылады.
Жасөспірімдер кітапханасы – бұл даналық қазынасы. Кітапхана қызметкерлері жас оқырмандардың бірнеше ұрпағын өсіріп, жастарды тәрбиелеу үшін үлкен жұмыс атқаруда. Кітап дәуір мен ғасырдың арасын жалғастырса, кітапхана қызметкері кітап пен оқырман арасын жалғастырушы дәнекер, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министрдің тапсырмасына сәйкес Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі цифрлық ведомствомен бірлесіп Отбасының цифрлық картасында...