ШЫМКЕНТТЕ САЗ МЕКТЕБІНІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ

ШЫМКЕНТТЕ САЗ МЕКТЕБІНІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ

Шымкент қаласында бүгін 19 маусым – қала күніне орай жағымды жаңалықтың бірі жаңадан Балалар саз мектебі ашылды, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.
Ашылу салтанатында қала әкімі Мұрат Әйтенов құттықтау сөз сөйлеп, балалар шығармашылығына өркендеу, ал саз мектебінің ұжымына сәттілік тіледі.
Саз мектебінде балалар мектептен тыс қосымша білімдерін жетілдіріп, тұла бойындағы ерекше қабілеттерін шыңдай алады. Мәселен, мұнда оркестрге арналған ұлттық саз аспаптар, үрмелі аспаптар класы бар. Атап айтсақ, домбыра, қобыз, саксофон, флейта, рубаб кластарымен бірге фортепиано, хореграфия, вокал, көркемсурет, хор орындау - бұлар қаламыздағы мектеп оқушыларын әр қырынан толықтай ашады.
Үш қабатты ғимараттың техникалық жабдықталу жағы жоғары сапада жасалған, мұндағы музыкалық аспаптар арнайы Германия зауытынан тапсырыспен алынған. Би өнеріне арналған кең, ауқымды залы 150 шаршы метрді құрайды.
Айта кетейік, жаңа саз мектебі 1958 жылы іргетасы қаланған бұрынғы музыкалық мектебенінің негізінде қайтадан тұрғызылды. Жаңа ғимаратта қазір 1 164 бала музыкалық білім алады. Қыркүйек айынан бастап тағы 500 оқушыны қабылдау жоспарланған.
Сондай-ақ, балаларға білікті, академиялық консерваториялық білімі бар кәсіби мамандар сабақ береді.
Мектеп түлектері халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық конкурстардың жеңімпаздары. Саз мектебінің ашылу сәтінде көпшілік осында оқитын балалардың қолөнер туындыларын тамашалап, ән-би тобының концертіне ризашылықпен қол соқты.
Қалада өткен жылы 24 800 орындық 43 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Нәтижесінде, үш ауысымды мектептер саны 9-дан 4-ке, ыңғайластырылған мектеп саны 4-тен 3-ке азайған. Биыл 18 мектепті пайдалануға беріп, үш ауысымды мектеп мәселесін толығымен шешу көзделуде.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ресей, Ленинград облысы Санкт-Петербург қаласына жұмыс сапарымен келген Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер басшыларының...