ЕМХАНА ЖАНЫНАН АШЫЛҒАН ЖАҢА ХИРУРГИЯЛЫҚ КҮНДІЗГІ СТАЦИОНАРДА ОТАНЫҢ 60 ТҮРІ ЖАСАЛАДЫ

ЕМХАНА ЖАНЫНАН АШЫЛҒАН ЖАҢА ХИРУРГИЯЛЫҚ КҮНДІЗГІ СТАЦИОНАРДА ОТАНЫҢ 60 ТҮРІ ЖАСАЛАДЫ

Шымкенттегі №4 емхана дәрігерлері хирургиялық оталарды енді өздері жасайды. Бұл үшін емхана жанынан амбулаториялық хирургияның күндізгі стационар бөлімі ашылды, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.
Бір ерекшелігі №4 емхана жанынан ашылған бұл хирургиялық күндізгі стационарда амбулаториялық деңгейдегі 60-қа жуық отаның түрі жасалады. Мұнда дәрігерлер қаладағы өзге де емханадағы пациенттерді портал бойынша қабылдап, хирургиялық көмек көрсетуге мүмкіндігі бар. Күндізгі хирургиялық бөлімшені ашудағы басты мақсат - отаны қажет ететін науқастардың кезек күту мәселесін азайту дейді мамандар.
Хирургиялық күндізгі стационар ота жасайтын құрал жабдықтармен және күндізгі төсек орындармен толықты. Сонымен қатар УДЗ, холтер кабинеттері де жаңартылған. Білікті дәрігер өз қабылдауында науқастардың жүрек, қан-тамырларын тексереді. Тексеруден өткен соң тиісінше емдік көмек көрсетіледі. Бұл кабинет толық кардиостандартқа сәйкес жұмыс атқарады деп жоспарлануда. Осылайша қалалық кардиология орталығында кезек күтетін тұрғындар саны азаймақ.
Биыл жеке инвесторлар есебінен 3 жаңа медициналық орталық ашылды. Соңғы 4 жылда 12 жеке медициналық орталық пайдалануға беріліп, қаладағы мемлекеттік емханалардың жүктемесі 30 пайызға азайды.
5 мамыр күні №1 қалалық клиникалық ауруханасының базасында 200-ші бүйрек трансплантациясы өтті. Рецепиент 6 жылдан бері бүйрек жетіспеушілігімен кезекте тұрып, гемодиализ аппаратына тәуелді болған. Алдағы уақытта рецепиент қалыпты өміріне қайта оралады.
Мұндай оталар әдетте 7-8 сағат уақытты алса №1 қалалық клиникалық ауруханасының білікті дәрігерлері 3-4 сағатта отаны сәтті аяқтауда. Қазір бүйрек жетіспеушілігімен Шымкент қаласы бойынша 2000-ға жуық науқас тіркеуде тұр және де алдағы уақытта науқастарға жоғарғы медициналық көмек көрсету жүргізіледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысына Үкіметтік комиссияның Ақтау қаласы әуежайының маңында болған Аz Airlines әуе компаниясының Embraer 190 ұшағының апатқа ұшырау...

Ресей, Ленинград облысы Санкт-Петербург қаласына жұмыс сапарымен келген Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер басшыларының...