Бүгінде Темірлан тас жолы бойындағы Алаш базары маңында жер асты жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы жүргізілуде. Бұл жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі мен көлік қозғалысына ыңғайлы жағдай жасау мақсатында іске асырылып отыр.
Соңғы 5 жылда ұзындығы 900 шақырымнан астам асфальтталған жол салынып, қаланың орталық бөлігіндегі ірі жолайрық пайдалануға берілді. Биылғы жылы қалаға кіреберістегі басты магистралды жолдағы жолайрықтың құрылысы, қаланың Солтүстігі мен Оңтүстігін байланыстыратын магистралды жолдың, қаланың транзиттік әлеуетін арттыратын Бәйдібек би-Арғынбеков жолайрығы, Оңтүстік және Шығыс айналма жолдары, Қонаев даңғылының 3-ші кезеңін, А-2 автомобиль жолының 2-ші кезеңін, Өтегенов көшесінің жалғасын, Темірлан тас жолы және А-2 автомобиль жолындағы үш жаяу жүргіншілер өткелдерін пайдалануға беру көзделіп отыр.
Ал 2024 жылы 8 көше, 2025 жылы 10 көше жөнделсе, асфальтталу жұмыстары 100 пайызға қамтылған болып саналады.
Сонымен қатар биылғы жылы Яссауи көшесі жарықтандырылады. Сондай-ақ, 2024 жылы Сыздықов, Б.Момышұлы көшелері, 2025 жылы Б.Әлменов, Б.Саттарханов, Ж.Серікбаев, Ә.Тәжібаев көшесі жарықтандырылмақ.
Жалпы Самал-3 шағын ауданы 100 пайыз ауыз су, электр жарығы, табиғи газбен, талшықты интернетпен қамтылған.
Нәтижесінде мегаполисте жақсы және қанағатты жағдайдағы жолдардың үлесін 2018 жылғы 54 пайыздан биыл 71 пайызға жеткізу көзделуде.
Қала әкімі М.Әйтенов жауаптылармен бірге құрылыс барысын тексерді. Жер асты өткелінің құрылысын толық аяқтап, пайдалануға беру 1 қыркүйекке жоспарланып отыр.
М.Дүйсенбекұлы жауаптыларға жұмыс қарқынын күшейтіп, құрылысты сапалы жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.