Әзербайжан мен Армения Қарабақтағы қақтығысты тоқтату туралы келісімге келді

Әзербайжан мен Армения Қарабақтағы қақтығысты тоқтату туралы келісімге келді

Әзербайжан мен Армения Қарабақтағы қақтығысты 10 қазан сағат 12:00-ден бастап тоқтату туралы келісімге келді. Бұл туралы Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Лавров қақтығысты тоқтатудың нақты ережелері бөлек келісілетінін айтты. 

"Әзербайжан Республикасы, Армения Республикасы ЕҚЫҰ Минск тобының төрағаларының көмегімен бітімгершіліктің негізгі қағидаттары негізінде бейбіт келісімге тезірек жету мақсатында субстантивті келіссөздерді бастап жатыр", - деді Лавров.

Баку мен Ереван Қарабақта қақтығысты тоқтату күшіне енгеннен кейін қаза тапқандар мен тұтқындармен алмасуды бастауға келісті.

Ресейде, Армения және Әзербайжанның сыртқы істер министрлері Сергей Лавров, Зохраб Мнацаканян және Джейхун Байрамовтың Мәскеуде Таулы Қарабақтағы жағдай бойынша келіссөздері аяқталды, кеңесу 10 сағаттан аса уақытқа созылды. Кездесу толығымен жабық форматта өтті, келіссөздер басталғанға дейін тараптар мәлімдеме жасаған жоқ.

"Тараптар келіссөздер процесі форматының өзгермейтінін растайды", - деді Лавров. 

Кездесу нәтижесінде бірлескен құжат келісілді.

Айта кетейік, 9 қазанда Армения мен Әзербайжан СІМ басшылары Ресейге кеңес үшін шақыртылған болатын. 

Еске салайық, 27 қыркүйекте Армения мен Әзербайжан арасындағы жанжал қайтадан өршіді. Бұл жолы мойындалмаған Таулы Қарабақ аймағында екі ел арасында қақтығыс басталды. Таулы Қарабақ Республикасы Қарабақтағы бейбіт ауылдар, соның ішінде астанасы Степанакерт артиллериялық атысқа ұшырады деп хабарлады.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бірқатар медициналық ұйымдарға барып, өңір тұрғындарымен кездесу өткізіп, БАҚ...

Астанада Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және Бейжің декларациясы мен іс-қимыл платформасының 30 жылдығына орай «30 жылдық...

Шығыс Қазақстан облысында ауылдық елді мекендерде азаматтық қорғау жүйесін дамыту және өртке қарсы қауіпсіздікті нығайту бойынша жұмыстар жалғасуда.  Жыл соңына дейін...