МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ «БАЛ ТЕКСТИЛЬ» ЖШС-НІҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ «БАЛ ТЕКСТИЛЬ» ЖШС-НІҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан Республикасының мәжіліс депутаты Данабек Исабек Ержанұлы, “Amanat” партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшы орынбасары Айтбаев Ерлан Садырбайұлы, “Amanat” партиясы Еңбекші аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Жартыбекова Гүлжайна Жақайқызы және “Жасұлан” БПҰ төрағасы Тасмурзаев Абуали Шалдарбекұлы «Бал Текстиль» кілем фабрикасы ұжымымен кездесіп қайтты. Кездесу барысында қызметкерлермен және фабрикамен толықтай танысып шықты, деп хабарлайды No-comment.kz ақпарат агенттігі.
«Бал Текстиль» компаниясы кілем жəне кілем өнімдерін өндірумен айналысатын, ЖШС-і «Оңтүстік» Арнайы Экономикалық Аумағында тіркелген ірі кəсіпорын болып табылады.
“Бал текстиль” фабрикасы 2013 жылдың қазан айынан бастап кілем өнімдерін өндіруді бастадық және осы уақыт ішінде тапсырысшылардың шеңберінде оң бедел қалыптастыруға үлгердi.
«Бал Текстиль» компаниясы:
1. Нарықтағы жұмыс тəжірибесі – 21 жыл
2. Кілемдер өндірудегі өнімнің мөлшері – жылына 5 млн шаршы. м-ден аса
3. Қызметкерлер саны – 200 астам адам
4. Қазақстанда дистрибьюторлар саны – 400-ден аса
5. Жаратылған әрлендiрулердiң саны – 500-ден аса
6. Өндірістің жалпы ауданы – 6 гектар
“Бал текстиль” кілем фабрикасының миссиясы: Жоғары сапалы кiлемдерді және кiлем бұйымдарын, әл-ауқаттың жетiстiгiне және адамдардың бүкiл әлемде бақытты болуына мүмкiндiк туғызатын зерделi бағалар бойымен өндiру.
Еңбек ұжымы халық қалаулысымен кездесуде сондай ақ, жалақы мәселесін де көтерді.
Мәжіліс депутаты кәсіпорын жұмысына қанығып, кездесуде жұмысшылар көтерген мәселелердің аяқсыз қалмайтынын, талданып, нәтиже шығатынын жеткізді.
Депутат әңгіме барысында әлеуметтік қамсыздандыру саласына баса назар аударылып, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға ерекше мән беріліп келе жатқанын жеткізді. Кездесуде сондай-ақ бірқатар өзекті әлеуметтік мәселелер көтеріліп, айтылған барлық ұсыныс-пікірді ескеретінін айтты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ...

30 жасқа толған, заң саласында жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан азаматы судья бола алады. Қазіргі уақытта судья лауазымына конкурстық іріктеу...