КӨЗІ КӨРМЕЙТІН ЖӘНЕ ӘЛСІЗ КӨРЕТІН АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН АРНАЙЫ КІТАПХАНА ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

КӨЗІ КӨРМЕЙТІН ЖӘНЕ ӘЛСІЗ КӨРЕТІН АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН АРНАЙЫ КІТАПХАНА ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Исабеков Данабек Ержанұлы Шымкент қаласындағы іс-сапары барысында «Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана» ұжымы және оқырмандарымен кездесу өтті.
Кездесуге «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Имашев Қайрат Есенбекұлы және «AMANAT» партиясы Еңбекші аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Жартыбекова Гүлжайна кітапхана ұжымы қатысты.
Кездесуде ұжым және оқырмандар өздерінің бірқатар сауалдарын мәжіліс депутатына жолдады.Және партиямыз ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз орта құруға ыңғайлы инфрақұрылым жасайтынын жеткіздік. Данабек Ержанұлы сауалдарға заң аясында жауап беріп, тиісті шаралар қолданылатынын айтты.
Кездесуде Данабек Исабеков қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін арттыру жөніндегі мемлекеттік шаралар туралы, оның ішінде депутаттардың әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған заңнамалық бастамалары туралы айтты.
«Қазір халықтың көзі ашық, көкірегі ояу. Халық үніне құлақ асу, тұрғындардың талап-тілегін тыңдау, проблемаларын шұғыл шешу Заңмен де белгіленді. Азаматтық қоғамды дамытуды, ашықтық пен жариялылықты қол­дауды көздейтінін Мемлекет басшысы бұған дейін де бірнеше рет атап өтті. Соның айқын дәлелі Президенттің бастамасымен биыл елі­мізде, оның ішінде біздің ауданымыздағы үш ауылда ауыл әкімдерінің сайлауы өтті. Бұрын ауыл әкімдері депутаттардың дауыс беруімен қызметке кіріссе, енді жергілікті халықтың да­уыс беруімен, яғни қолдауымен сайланады. Бұл олардың халық алдындағы жауапкершілігін көтеріп, қабылдайтын шешімдерін түзеуіне, жергілікті билік жұмысының халыққа етене жақын болуына әсер етері сөзсіз.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев­­­­­­­­­­тың биылғы Жолдауы – Қазақстанның тұ­рақ­тылығын сақтай отырып, егемен елі­міз­ді одан әрі дамытуға арналған стратегиялық құжат. Себебі, Жолдауда саяси, әлеуметтік, экономикалық өсудің нақты қадамдары нақты көрсетілді. Оның ішінде, әсіресе, агроөнер­кәсіп, денсаулық, білім, аймақтық дамуға ерек­ше көңіл бөлініп отыр. Парламенттегі де­путаттық корпустың мақсаты – осы бастамаларды сапалы заңдармен қамтамасыз ету болса, жергілікті мәслихат депутаттарының міндеті Жолдаудан туындаған мақсаттарды атқарушы органмен бірлесіп жүзеге асыруға үлес қосу болып табылады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ...

30 жасқа толған, заң саласында жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан азаматы судья бола алады. Қазіргі уақытта судья лауазымына конкурстық іріктеу...