«АMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚОЛАЙЛЫ ОРТА ҚҰРУДЫ ҚОЛДАЙДЫ

«АMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚОЛАЙЛЫ ОРТА ҚҰРУДЫ ҚОЛДАЙДЫ


Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың халыққа Жолдауында атап өткендей, Еліміздің басты құндылығы – адам. Бұл – айқын нәрсе. Сондықтан, ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақсаты. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды.
Үшінші мегаполисте Президент тапсырмасы аясында халыққа сапалы қызмет көрсетуге және қауіпсіздік мәселелерін қоғаммен өзара серіктестікте шешуге баса көңіл бөлініп отыр
Шымкент қалалық Еңбекші ауданы аумағындағы 28 әлеуметтік нысанға қолайлы орта құру туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды NO-COMMENT.KZ ақпарат агенттігі. Яғни, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған бұрыштар, таңба-белгілер, пандустар орнату туралы кеңінен айтылды. Жалпы стандартқа сәйкес пандустың ені 100 см, көлбеу бұрышы 6 градустан аспауы керек. Биіктігі 70 немесе 95 сантиметрлік екі деңгейлі тұтқасы болуы шарт.
Жолдың ашық баспалдаққа немесе пандусқа қосылатын жердегі алаң аумағы 160х160 сантиметр, ішке кіретін есіктің ені 90 см кем болмағаны жөн. Едені тайғанамайтын материалдан жасалуы қажет.
Түсіндірме жұмыстары барысында Еңбекші ауданы әкімдігі және «Аmanat» партиясының Еңбекші аудандық филиалы, Шымкент қаласының денсаулық, білім, сәулет қала құрылысы және жер қатынастары, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан құралған комиссия тобы нысан иелеріне талап ережеге сәйкес жұмыс істеуді ұсынды.
Комиссия мүшелерінің бірі арнайы мүгедек арбасына отырып, нұсқаулық бойынша үлгілік сызба көрсетті. Сонымен қатар барша мекеме басшыларын өздері басқарып отырған мекемеде мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолайлы орта құрулары керек.
Өйткені, осындай азаматтарға жағдай жасау әлеуметтік сала қызметкерлерінің ғана емес, баршамыздың азаматтық борышымыз.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...