«КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК» ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК» ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Қалалық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Төреайым Жолдыбайқызы «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында №1 емханаға барды.
Емхананың бас дәрігері Маханбет Бейсеуов, Төреайым Сұлтановаға ғимараттағы мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруына арналған орындармен таныстырды. Сондай-ақ, депутат ерекше күтімді талап ететін жандармен кездесті. Олардың жағдайларын сұрап, сұрақтарына жауап берді. Дендеріне саулық тілеп, талап-тілектерін тыңдап қайтты.
Еске салар болсақ, «Кедергісіз келешек» — бүгінгі күнгі əрекетімізден басталып, ертеңге деген сенімімізбен түйінделеді.
Жоба аясында ел аумағында бейімделу бойынша 22 мың басым объекті анықталды. 2021 жылдан бастап 2025 жылға дейін жыл сайын 4400 объекті бейімделуі тиіс. 2023 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша 9 030 объекті бейімделді.
2022 жылдың қорытындысы бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету бөлігінде 1181 тексеру жүргізілді. 4 мыңнан астам бұзушылық анықталды, 900-ден астам ұйғарым берілді және 60 млн теңгеден астам сомаға 300-ге жуық айыппұл салынды.
Объектілердің бейімделу барысын бақылау үшін қоғамдық ұйымдардың әлеуеті пайдаланылады. Ол үшін әкімдіктер жанынан аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары бекіткен 227 мониторингтік топ жұмыс істейді, олардың құрамына 1630 мүше кірді.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін биыл 1 шілдеден бастап мүгедектігі бойынша жәрдемақы мөлшері; мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адамдарға; бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға күтім жасауды жүзеге асыратын адамдарға 14,5% — ға арттырылатын болады. Жыл басындағы жәрдемақылар мөлшерінің 8,5%-ға өсуін ескере отырып, жиынтығында төлемдер мөлшері жылдық мәнде 23%-ға ұлғаяды.
Еске салар болсақ, «AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек!» партиялық жобасы аясында Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Қамқорлық» №8 балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының жұмыс барысымен танысқан болатын.
«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысының орынбасары Е.Айтбаев, Шымкент қаласының мәслихат депутаты, AMANAT партиясының депутаттық фракциясының жетекшісі ретінде партия филиалы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестің мүшелерімен бірге орталықтың тыныс-тіршілігіне зерделеу жүргізілген болатын.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...