«ЕҢБЕК АДАМЫ» ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«ЕҢБЕК АДАМЫ» ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев Әділетті Қазақстанда еңбек адамына ерекше құрмет көрсету керектігі туралы өте орынды пікір айтып өтті.
Бүгінде “Еңбек адамы” партиялық жоба аясында кәсіби маманның қадірін білу, мәртебесін көтеру, адал еңбекпен өз саласының құрметтісіне айналудың маңыздылығы жайлы Еңбекші аудандық филилалының Атқарушы хатшысы Жартыбекова Гүлжайна Жақайқызы және «AMANAT» партиясы Еңбекші аудандық филиалының Саяси кеңес мүшесі Ерғазы Нұрлан Асқарұлы колледждегі өткен кездесуде айтты.
Барлық жетістіктің бастауы адал еңбек пен іскерлікке келіп тіреледі. Табысқа жетудің жалғыз жолы – өз кәсібінің шебері болу және ерінбей еңбек ету. – деді Гүлжайна Жақайқызы. Мемлекетімізді дамытатын еңбекқор адамдар. Кез келген кең ауқымды жұмыстағы істерді тындыру үшін өз саласын дамытуға үлес қосатын ел алдында жүрген еңбек адамдарын қолдап отыру жөн, идеология жұмысына да мән берген орынды.
Сондай-ақ, айта кететін ҚР Әлеуметтік кодексін іске асыру шеңберінде 2023 жылғы 1 шілдеден бастап еліміздің облыс орталықтары мен мегаполистерінде 20 еңбек мобильділігі орталығы құрылады, ал жұмыс істеп тұрған халықты жұмыспен қамту орталықтары мансап орталықтары болып қайта құрылатын болады.
Еңбек мобильділігі орталықтарының негізгі жаңа функциялары:
— жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау негізінде өңірдің еңбек ресурстарының теңгерімін қамтамасыз ету;
— өңірлік жұмыспен қамту карталарын әзірлеу және оларды жергілікті жерлерде іске асыруды үйлестіру;
— жұмыспен қамтудың белсенді шараларын іске асыру және өңірде іске асырылатын барлық мемлекеттік бағдарламалар мен жеке бастамалар шеңберінде ашылатын жұмыс орындарының құрылуына мониторинг;
— жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында азаматтардың ерікті көші-қонына жәрдемдесу және азаматтарды көшіру бағдарламаларын өңірлік деңгейде үйлестіру;
— жұмыс іздеуші ретінде жүгінген және жұмыссыз адамдарды тіркеу;
— халықты, жергілікті атқарушы органдарды және уәкілетті мемлекеттік органды өңірлік еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар ету.
Жаңа орталықтар осы функцияларды іске асыру үшін өңір аумағында жұмыс істейтін еңбек нарығының барлық институттарын белсенді түрде тартатын болады. Ол үшін оларға азаматтардың нысаналы топтарын жұмысқа орналастырумен байланысты жекелеген функцияларды аутсорсингке беру құқығы беріледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министрдің тапсырмасына сәйкес Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі цифрлық ведомствомен бірлесіп Отбасының цифрлық картасында...